Арқаның қызыл изені

Арқаның қызыл изені,
Басы күрдек, түбі арал.
Қыдырып шалар аруана
Кәрісі кімнің жоқ болса,
Жасы болар дуана.
Бір сынаған жаманды,
Екіншідей сынама.
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама.
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде аңырап қалған шақ,
Біздерден ақыл сұрама.
Көшер еді-ау біздің ел
Сонау Еділден бергі тұрған жер дейін,
Қонар еді-ау біздің ел
Арқада қоныс шөлдейін.
Нұралыдан қалған көп тентек,
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған шілдейін.
Ащының бойы көк тоғай,
Жайламас еді біздің ел
Жері жаман сусыз деп,
Жабыдан айғыр салмады.
Баласы оның сынсыз деп,
Базарға сатсаң пұлсыз деп,
Балдағы алтын ақ болат
Асынбас еді біздің батырлар,
Көкпен де сауыр қынсыз деп.
Ен қабыланын жөнелтіп,
Елсізде қаңғып қалған шақ,
Кім айтады бізді мұңсыз деп?!

Бағаналы терек жарылса

Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?!
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

5 Пікір

  1. Гаухар

    норм

  2. Аноним

    Керемет магыналы олен
    Insta:gulzhanat_asulbek

  3. Аноним

    курдек сози не магына билдиреди?

  4. нагипуш

    🤓👏👏👏👏👏👏👏👏❤

  5. Аноним

    Шетел тіл мамандары аудара алмаған өлеңғо

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.