Ел өмірінен сыр өрбітеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең көне әрі ірі мұражайлардың бірі. Бүгінде оның қорында 300 мыңға жуық материалдық және рухани-мәдени құндылықтар сақтаулы. Қазіргі уақытта мұнда жеті негізгі тұрақты зал жұмыс істейді. Оның бірі Тәуелсіз Қазақстанға арналған. Осы залда Конституция күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды.Экспозицияларда көрініс тапқан негізгі идея – республиканың мемлекеттік егеменділігінің қалыптасуын және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құруда­ғы тарихи рөлін паш ету.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту, Ән­ұран, ҚР Президентінің байрағы, ұлттық валюта, мемлекеттік марапаттар, сондай-ақ мемлекетіміздің жаңа Елор­дасы – Астананың қалыптасу барысын бейнелейтін жәдігерлер айрықша қызығушылық тудырады. Экспозицияда қоғамдық-экономикалық құрылысты, басқару түрін және мемлекеттік құрылым­ды және жеке тұлғаның құқықтық жағ­дайын бекіткен мемлекеттің Негізгі заңы – 1995 жылғы Конституция қойылған. Қазақстан халықаралық қауымдастықта елімізде тұратын және оның біртұ­тас халқы болып табылатын барлық ұлттар өкілдерінің төзімділігін, ұлтара­лық және өзара мәдениаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі ішкі саясат жүргізуші ел ретінде танылған. Қазақстан ТМД мүше елдері арасында ҚР ұлттық саясатының басты құралы ретінде бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблея­сы құрылған (1995 жылдың 1-наурызынан бас­тап) алғашқы елге айналды. Ассамблея бейбітшілікті ны­ғай­туда, бірлік пен төзімділіктің қазақ­­стандық үлгісін қалыптастыруда маңызды рөлге ие. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «1-­мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнін жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Мұражайдың «Тәуелсіз Қазақстан» залы экзпоциясының жеке топтамасы Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған. Сонымен қатар  3-экспозициялық залда Қазақстан диаспорасының тарихы мен мәдениетіне арналған арнайы бөлім жабдықталған. Мұражайдың мәдени-білім беру және ғылыми қызметі ұлттық мәдениетті және мәдени-та­рихи мұраларды көпшілікке кеңінен таныстыруға, сондай-ақ Қазақстанда тұратын ұлттар өкілдерінің  мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағытталған.
Бүгінде ҚР Мемлекеттік  мұражайы – бұл даму тұжырымдамасы Тәуелсіз Қазақстанның даму және қалыптасу тарихына арналған мәдени-білім беру бағдарламаларын, жаңа экспозициялық тақырыптарды әзірлеуді және жүзеге асыруды қарастыратын ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени орталық. Музей Алматы қаласының оқу орындарымен ынтымақтаса, бірлесіп жұмыс істей отырып, өзінің тәуелсіз Қазақстанның тарихы жөніндегі мынадай білім беру бағдарламаларын: «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Бірінші Президенті», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты және басқа да тақырыптарын ұсынады. Бағдарлама мұражайдың, мем­лекеттік құрылымдар мен білім беру меке­мелерінің қазақстандық патриотизм мен азаматтылығын қалыптастыру, тарихи сананы тәрбиелеу және қоғам мәдениеті мәселелері бойынша бірлескен қызмет жүргізуді ұйғарады. Мұражайдың мәдени-білім беру қызметі әртүрлі бас­қосу, пікірлесу түрлері – экскурсиялық сабақтар, дәрістер, шығармашылық кештер, тұсаукесерлер түрлерінде көрініс табады. Бұлар барлық деңгейлердегі оқу орындарымен өткізіледі. Мұражайда бірлесе жыл сайын белгілі ғалымдардың, қоғам қайраткер­лерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихындағы айтулы оқиғалардың куәгерлерімен және қатысушыларымен жүзбе-жүз кездесуге мүмкіндік беретін еске түсіру кештері, басқосулар ұйымдастырылады. Мұнан өзге, Қазақстанның ұлы тұлғаларына, ел­дің қоғамдық және мәдени өмірінің маңыз­ды оқиғаларына арналған көрмелер өт­кізіледі, Отандық тарихтың айтулы және ұмытылмас күндерін атап өтеміз. Бұған мына айтулы оқиғаларға  байланысты ұйымдастырылған көрмелер дәлел: «Астана–Елорда», «Менің тәуелсіз  Қазақстаным», «КСРО және ҚР тәуелсіздігі кезеңіндегі нумизматикалық коллекция», «Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Президенті», белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-эт­нограф Өзбекәлі Жәнібековтің 80 жылдығына арналған, әйгілі геолог, ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме, қазақтың ұлы композиторы М.Төлебаевтың және көрнекті ғалым, этнограф, жазушы Ә.Жиреншиннің туғанына 100 жыл толуына арналған, белгілі қоғам қайраткер Ш.Омаровты еске түсіруге арналған «Біз де бала бол­ғанмыз…» көрмесі және басқалар. Мұра­жай ғылыми семинарлар, дөңгелек үс­телдер мен конференциялар өткізеді. Жұмыс барысында егеменді мемлекеттің қалыптасу және даму тарихының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасы Бірін­ші Президентінің қазақстандық мем­лекеттілікті құрудағы, Қазақстан тәуелсіздігін дамытудағы, президенттік басқару институтын нығайтудағы және қоғамды демократияландырудағы тарихи рөлі, халықты күш біріктіріп, жұ­мылдырудағы, бейбітшілік пен келі­сімді нығайтудағы, сондай-ақ елдің  көп­векторлық сара сыртқы саяси бағытын белгілеудегі қосқан үлесі талқыланады.
Мұражай тұжырымдамасы кең аудито­рияға ҚР Президентінің бағдарламасына және саяси бағытына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңін қоса қамти отырып, ежелгі және қазіргі Қазақстанның неғұрлым мәнді арте­фак­­­тілерін таныстыруға бағытталған. Мұражайлық жұмыстың өзекті және қазіргі бағыттарын бейнелейтін Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа ­Жолдау­ын жүзеге асыру мақсатында әзірленген мәдени дамудың тұжырымдамасы» жа­салды. Осы тұжырымдамаға сәйкес мұ­ражай бүгінде өз қызметтерінің барлық бағыттарын одан әрі жетілдіруге және жаңартуға, келешекте бірегей материал­дарды, артефактілерді сақтайтын және Қазақстан Республикасы Бірінші Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын насихаттайтын ғылымның, білімнің, ком­муникацияның, мәдени саясаттың және шығармашылық инновциялардың жетекші орталықтарының бірі ретінде орнығуға бағдар ұстайды.

Анна КУЩЕНКО,
ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы мәдени-білім жұмысы орталығының жетекшісі,
Сымбат БАҚҚҰЛОВА,
мәдени-білім жұмысы орталығының менеджері

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.