«Есік ауылы»

Құралай Нұрқаділова – өзіндік сүрлеу салып, әсемдік әлеміне қанат бітірген қазақ қыздарының ішіндегі алғашқы дизайнер. Бақытын еңбектен тапқан оның өзі ұйымдастырған «Құралай» сән үйіне де 20 жыл толыпты. Жақында сән үйінің осы мерейтойы атап өтілді. Арнайы көрме ұйымдастырылды, онда қалыңдықтың көйлегі, қыз-келіншектердің кешкі сән үлгілері, камзол, т.б. тізілген. Көрмеде сондай-ақ Құралайдың балалық шағынан күні бүгінге дейінгі жүріп өткен жолынан сыр шертетін естелік суреттер қойылған.

1619479_689545987790155_4150195827889240642_n

Ұлтының мақтанышына айнал­ған өнерлі қыз қуанышымен бөлісуге келген қонақтарға тағы бір тосын сый ұсынды. Өзі басшылық жасайтын «ISSYK» мейрамханасының жанынан «Есік ауылын» ұйымдастырып, көпшілікті тағы да сүйсінтті.
Қабырғасы шимен өріл­ген алаңның еденіне дейін қазақтың әсем де сәнді ою-өрнегімен өрнектелген. Асқан талғампаздықпен, шеберлікпен безендірілген алаң жаныңа шуақ құяды. Алаңқайда демалушыларға арналған бірнеше үстел орналас­қан. Келген адамдардың көңіл­дегідей демалып, еркін отыруларына жағдай жасалған.  Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан киіз үйлердің іші көне жәдігерлерге толы. Құдды бір мұражай дерсіз.
«Есік ауылына» кіргеннен-ақ қонақжайлықты сезінесіз. Қазандық жақ қарбалас. Қамыр илеп, бауырсақ пісірген қыз-келіншектер. Қонақ күту, қонақты шығарып салу дәстүрлерінің барлығы қамтылған. Кимешекті әжеміздің  орны тіпті бөлек. Сол жердің сәніндей. Жүзінен мейірім аңғарылады. Келіндер мен қонақты күтуші қыз-жігіттердің әрқайсысының өз қызметі бар.
Дастарқан да бай. Бұл жерден құрт, май, ірімшік, талқан, қымыз, шұбат, т.б. қалағаныңды таба аласың. Қай тағамды алсаңыз да, дәмі тіл үйіреді._AP- (102)_новый размеркуралай копия
Бұл қалалықтар үшін, қала берді шетелдік қонақтар үшін таптырмас орын. Өзге ұлттардың асханалары қаптаған тұста, міне, қазақ ауылы деп ұялмай көрсететін, қазақы дастарқанымызды насихаттайтын,  ұлтымыздың салт-дәстүрінен хабар беретін «Есік ауылының» өмірге келуі қуантады.

Бағдагүл Мұратқызы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

15 Пікір

  1. Арман

    Мынау бір керемет дүние болды ғой. Енді ауылды аңсасақ, Құралайдың ауылына баратын боламыз. Іске сәт!

  2. Сұлтан

    Құралай Заманбекқызы, жаңа жобаны қолға алған екен, көңіл қуантады. «Ана тілінің» өткен аптадағы жиналысында ауылдың дәмін ауылдан да таба алмай барамыз деп айтқан едік. Құралай болса қаланың қақ ортасынан Есік ауылын ашыпты. 100 пайыз қолдайтын дүние. Бір ұсыныс Есік ауылында ауыл, туған жерге қатысты әуендер шырқалып тұрса жақсы болар еді.

  3. Самал

    Құралайдай өнерлі қазақ қызын қалай мақтан етпейсің? Өнерің өрге жүзсін, Құралай. Қазақтың нағыз патриот қызы. Халықтың ықыласына бөлене бер.

  4. Қарлығаш

    Құралай, жаңа белесті бағындырып жатыр екенсіз. Сізге жаңа кәсібіңізде сәттілік тілеймін.

  5. Ерке қыз

    Қазақ қыздары қашанда сұлулығымен қоса, жан дүниесінің сұлулығымен, тазалығымен ерекшеленетін. Солардың бірі де, бірегейі де – Құралай. Біз Сізді мақтан етеміз. Әкеңіз де асқар таудың өзі еді.

  6. Bibinur

    Құралайды орыстілді деп ойлаушы едім, жүрегі қазақ екен. Киімі қандай жарасымды. Белдігі қатты ұнады, алғым келіп кетті. Самаурын, қазандық… Самаурынның шайын ішуге бір күні барамын)))

  7. Қуат

    Мен Құралай Заманбекқызына ғашықпын. Сөге көрмеңіз, шын ғашықпын. «Екі жұлдыз» бағдарламасынан бері, телевизордан көріп қалсам қатып бір орнымда тұрып қалам. Ұлымды, әйелімді ертіп барсам олар байқап қоймай ма?

  8. Жанара

    Өзі әлі жап-жас, 3 баласы бар екен ғой

  9. майра

    Құралайдың жаңа ауылына құтты болсын айтып, барғымыз келіп отыр.Енді ол ауылдың сәнін кіргізетін оның қонақтары, яғни біздер боларымыз сөзсіз.

  10. Мерейлі

    Айым да сен, күнім де сен Құралай! Сұлу қыз! Талабыңа нұр жаусын!

  11. Bagila

    Kuralay kuttyktaymyn, sattilik tileymin, akenisdin aruagy koldasyn

  12. Сауле

    Қазақша жакеты ұнады, осындай жакет бар ма, бағасы қанша? Адреси калай?

  13. Саламат

    Мақтайық! Десе де әксін еске алып, бір ас берді ме екен? Әкесінің дәулеті мен беделінің арқасында аяқтанып кеткені рас қой. Ендеше қазақтың аса қаділі ұлы Зәкеңе- Заманбекке арнп құран оқытып, елілң алдында әкесін бір тірілтсінші!

  14. Толқын

    Саламат мырза! Құралай әкесінің рухына бағыштап, ас берсе де, ол жайында қалың елге жар салмаған болса керек.

  15. майра

    Құтты болсын айтып, қазақтың бір қызын қолпаштайық деп, барып едік «Есікке»… ойымыздағыдай болмай шықты. Киіз үйлерде қонақты жазда ғана күтетін болар, жаңбырдан кейін суы сорғалап тұр екен. Тапсырыспен алдырған тағамдардың да тіл үйірердей дәмді болмағаны-ай… Шығыс залының іші де күңгірт екен,өзіміздің көңілімізді өзіміз көтеріп, жақсы әңгімемізге ғана «семіріп» қайттық. Мейрамхананы бәсекеге қабілетті етемін десең, әлі де көп жұмыстану керек екен, Құралай!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.