Ана тілім – ардағым Пану МҰХАМЕДЖАН, зейнеткер:

– Қандай басылымдарды серік етесіз? Сіз үшін «Ана тілі» газетінің орны қандай?
– 1961-1967 жылдары Қазақ мемлекеттік уни­верситетінің тарих факультетінде оқыдым. Талай жылдар бойы консерваторияда лаборант та болдым, кітап палатасында және Ғылым Академиясында кадр­лар бөлімін басқардым. Одан кейін де талай жауапты қызметтерді атқардым. Ал 1990 жылы зейнеткерлікке шықтым. Күйеуім Шәймерден екеуміз алты баланы дүниеге әкеліп өсірдік. Қазіргі күні төрт немерем мен екі шөбереме, екі күйеубалама «ана тіліміздің құдіреті туралы әңгімелер айтамын. Ондайда сонау бір жылдары әкем Құттығұлдың: «Сен ең бай адамсың. Өйткені туған тіліңді жетік білесің» деген бірауыз сөзі көңілімді толқытып, сағынышымды ұлғайтады. Биыл 2015 жылға «Ана тілі» газетіне жазылдым. Бүгінгідей алмағайып уақытта немерелерімді ғаламтордан сәл де болса алыстатып, газет-журнал оқуға жақындатсам деген ойым бар.  «Ана тілі» газетіндегі «Құрақ көрпе», «Дүбірлі дода», «Жыл құсы», сондай-ақ  «Қызыл кітап», «Балаларға – базарлық» сынды айдарларды қызыға оқимын. Сонымен қатар сайттағы материалдарды да оқуға дағдыланып келемін.
– Тұрақты оқырман ретінде газетімізде қандай тақырыптардың көтерілгенін қалайсыз?
– Сөз жоқ, «Ана тілі» газеті көптеген тақырыптарды қозғап жатыр. Мен бұл басылымда әлем елдері туралы мақалалар жазылғанын қалаймын. Бұдан басқа өнер адамдары жайлы сұхбаттар жиі берілсе деген тілегім бар. «Сахара шаһарлары», «Алтынның сынығы», «Сандықта сақталған сурет» сияқты айдарлармен мақалалар жиі берілсе нұр үстіне нұр. Жалпы, газеттің ұстап отырған бағыты айқын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.