«Ана тіліне» жазылу – мемлекеттік тілді қолдау

Бижомарт ҚАПАЛБЕК, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры:

–  «Ана тілі» газеті туралы пікіріңіз қандай?
– «Ана тілі» газетін еліміздің ақпарат айдынында өзіндік үні бар, айтар ойы терең, оқырмандары көп, салмақты да салиқалы басылымның бірі деп білемін.
– Басылым бетінде қандай мәселелерге бірінші кезекте назар аударасыз?
– Ең бірінші кезекте мемлекеттік тіл та­қырыбында жазылған мақалаларға назар аударамын. Еліміздегі мемлекеттік тілдің мәселелері және ол мәселелердің нақты шешілу жолдары газет бетінде үнемі көтеріліп, айтылып келеді. Сонымен қатар еліміздегі болып жатқан саяси-мәдени, рухани үдерістер, ғылым мен білімнің дамуы, ұлттық салт-дәстүріміз бен салт-санамыздың жаңғыруы,тарихымызға қатысты мақалаларға мән беремін.
– «Ана тіліне» жазылып үлгермеген оқырманға қандай кеңес берер едіңіз?
– Қазіргі таңда өзін қазақ тілінің шынайы жанашырымын деп есептейтін кез келген азамат «Ана тілі» газетінің таралымын көбейтуге үлес қосып, атсалысуы қажет деп ойлаймын. Себебі басылымға осы бағытта көрсеткен қолдауымыз мемлекеттік тілге көрсетілген қолдау болары сөзсіз. Өйткені «Ана тілі» газеті заманымыздың рухани шежірешісі, тіліміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыздың қамқоршысы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. қазақұлы

    про

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.