Мемлекеттік марапаттар табыс етілді

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуел­сіз­дік мерекесі қарсаңында мем­ле­кеттік марапаттарға ие болған қазақ­стандықтардың бір тобына награда­ларын өз қолымен тапсырды. Марапатталғандар алдында Елбасы сөз сөйледі.

«Сіздер бірлігімізді арттырып, берекемізді нығайтуға атсалысып келесіздер. Сондықтан бүгін өздеріңізге тапсырылатын мемлекеттік наградалардың маңызы өте зор. Бұл марапат сіздердің еселі еңбектеріңізге берілген мемлекеттің бағасы іспетті. Өйткені сіздер өз салаларыңызда, өз ұжымдарыңыз­да еңбек ете отырып, ел байлығын еселеуде, атқарып отырған қыз­мет­теріңізде көп нәрсеге қол жет­кіз­діңіздер» деді Елбасы. Бұдан кейін Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры ­Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға берілгендігін айтып, осы жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін өз қолымен тапсырды.
Осы салтанатты шара барысында биылғы жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік сыйлығын алған жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлына, ақын Гүлнәр Сейітжанқызы Салықбаеваға, әнші Пантелей Константинович Кесоглуге, композитор Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке және Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналған тарихи-монументалды саябақ кешені үшін Асқар Исабекұлы Мырзахметов, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев бастаған бес адамнан тұратын авторлар ұжы­мына алған сыйлықтары табыс етілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.