Қостанайда өлген киіктердің мүйізін сатқан азамат сотталды

Қостанайда ақбөкендердің өлексесін жинауға қатысқан волонтер бір жылға бостандығынан айрылды. 38 жастағы азамат өлі киіктердің мүйізін кесіп алып, саудаға салған деп хабарлайды KTKтелеарнасы.

Амангелді ауданының тұрғыны киік қырылған кезде еріктілер қатарына кіріп, санитарларға даладағы өлекселерді жинауға қолқабыс жасаған екен. Тек волонтердің өз көздегені болыпты. Ол бірнеше түз жануарының мүйізін жасырын кесіп алған. Сөйтіп, саудаға салып, ақша жасамақ болыпты. Қара нарықта киік мүйізінің келісі 80 мың теңге. Ал бұл азамат салмағы 5-6 келі тартатын 4 мүйізді саудалаған. Көктемнен бері Қостанай, Ақтөбе мен Ақмола облыстарында 150 мыңдай киіктің қырылған болатын. Бұған пастереллез індеті себеп делінгенімен, әзірге жұттың нақты себебі белгісіз.

KTK телеарнасы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Аноним

    Дурыс

  2. Жони

    Керемет

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.