2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы

Қазақстан үшін бұл жыл серпінді дамудың жылы болды. Ел халқы Қазақстанның үздік спортшыларының XXVII Сидней олимпиадасына жеткен жетістіктеріне ерекше қолдау білдіріп, қуанышқа кенелді. Бокстан Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайы­мов, жүгіруден Ольга Шишигина олимпиада чемпиондары атанды. Осы әлемдік ең беделді жарыста боксшы Мұхтархан Ділдабеков күміс медалға қол жеткізді. Қазақстан олимпиадаларының жетістіктері бүкіл елде үлкен патриоттық өрлеу туғызды. Спорт Қазақстан халқын топтастырушы, біріктіруші, алға бастаушы күшке айнала бастады. Ел спортшыларының үздік жетістіктері Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа танытуда маңызды рөл атқарды.

Президент Н.Ә.Назарбаев «2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Жарлығын жариялады. Осы Жарлыққа сәйкес Үкімет мәдениетті қолдау жылын өткізетін, құрамында белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар бар мемлекеттік комиссия құрды.
Қазақ халқының ғана емес, әлемдегі бар­лық түркі халықтарының киелі мекені Түр­кістан шаһарының 1500 жылдығы үлкен сән-салтанатпен атап өтілді. Қаладағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап көптеген мә­дениет пен сәулет ескерткіштері күрделі жөн­деуден өткізіліп, жаңартылды. Қаланың 1500 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
Экономикалық дағдарыстан шыққан Қазақстан мектептерді, мұражайларды, кітап­­ханаларды, мәдениет сарайларын қал­­пына келтіре бастады. Елдегі 468 кітап­хана, 239 мәдениет үйі, 5 театр қалпына кел­тірілді. Қазақтың ауыз әдебиетінің 100 томдық жинағы, Қазақстанның мәдени ес­керткіштерінің 10 томдығы, тарихшы, академик Әлкей Марғұланның 14 томдығы жарық көрді. Бұл жинақтардың әрқайсысы елдің мәдени өмірін жаңғыртуда зор серпіліс әкелді. Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлының, Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғырұлының, Атырауда Бейбарыс Сұлтанның және Құрманғазының, Алматыда Абылай ханның ескерткіштері ашылды.
Астананың рухани қуаты мен ықпалы өсе бастады. Мұнда Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, ҚР Президенті мәдени орталығы, ҚР Мемлекеттік мұражайы ашылды. Аталған шаралардың барлығы Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихи санасының дамуына игілікті ықпал етті. Тәуелсіздік ұлттық мазмұнмен толыға түсті.
ХХІ ғасырдың бастапқы жылдарында мұнай бағасының шарықтауы елге үлкен қаржылық ағыстар әкелгенімен ел экономикасының шикізаттық сипатын күшейте түсті. ЖІӨ-ді жасауда мұнайдың үлес салмағы 27 пайыздан асты.
Осы табыстарды ретті, болашақ үшін пайдалану мақсатында Елбасының ұсынысымен Ұлттық қор құрылды. Мұнай табысы енді осы Ұлттық қорға құйылды. Бұл қор алдағы болатын дағдарыстарға қарсы күресте шешуші қызмет атқаратын болды. Қазақстан Үкіметі сауатты қаржылық саясат жүргізуді үйренуге кірісті. Ұлттық қор өзін ақтайтын тиімді қаржылық институтқа айналды. Қазақстан жаһандық қауіп-қатерлерден, қайталанып отыратын әлемдік дағдарыстармен күресудің тиімді жолдарын тапты.
Қазақстан осындай жағымды жетістікте­рімен ХХІ ғасырға аяқ басты. Адамзат мың­жыл­дықтардың ауысу сәтіне өте күрделі экономикалық, демографиялық, экологиялық ахуал жағдайында келді. Жаһандық қауіптер мен қатерлер күрделене түсті. Бұл құбылыс Қазақстан сияқты жас мемлекеттерге тіптен үлкен қосымша қиыншылықтар әкелді. Ел әлемдік экономикалық тәртіптерден өз орнын тауып алуы керек болды. Ол үшін Қазақстан конвекторлы сыртқы саясатын белсенді жүргізуі, түрлі экономикалық және қаржылық одақтар мен ұйымдарға кіруі қажет еді. Қазақстан өзімен шекаралас елдермен конструктивті қатынастарды қалыптастырды. Қаңтар айында Н.Назарбаев ТМД мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысып халықаралық терроризмге қарсы күресті күшейту мақсатында антитеррористік үйлестіруші орталық құруды ұсынды. Наурыз айында Елбасы Израиль мемлекетіне ресми сапар жасап осы елдің президенті Эзер Вейцманмен келіссөздер жүргізді. Көктем мезгілінде Әзірбайжанға ресми сапармен барып Бакуде өткен түркі тілдес мемлекеттердің ІV саммитіне қатысты. Бұл жиында түркі халықтарының мәдениет, спорт, ғылым, денсаулық сақтау салаларында байланыстарын нығайту, терроризм мен заңсыз есіртке айналымына қарсы бірлесіп күресу мәселелері талқыланды.
Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт келді. АҚШ Қазақ­станды өзінің стратегиялық әріптесі деп

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Азиза

    Авторы неге берілмеген?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.