Батыр рухына тағзым

Өскемен қаласында Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовқа ескерткіш-мүсін қойылды.
Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың туған-туыстары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рашидбек Мұхамеджан ескерткішті жасауға және орнатуға көмек қолын созған азаматтарға алғысын жеткізді. Тұсаукесер шарасына жиналған жұрт хас батырдың бейнесі ойдағыдай сомдалғанын айтты. Батыр рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ізғұтты Айтықов атындағы мектептің өрендері ән мен жырдан шашу шашты. Тыңдарман назарына рухты шығармаларын тарту етті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.