Комиссия жұмысынан үмітім мол

Бауыржан Құлыбаев, Геофизикалық зерттеулер институты

Мақаншы сейсмологиялық станциясының бастығы

Жерге байланысты комиссия өте өнімді жұмыс атқарып  жатыр деп ойлаймын. Күнделікті жаңалықтардан, бұқаралық  ақпарат құралдарынан хабардар болып отырмыз. Құрамында биліктің өкілдері, қоғам қайраткерлері,  саясаттанушылар,білікті мамандардың топтасқаны қуантады. Бұл жағдайды  объективті түрде саралап, сараптауға кең мүмкіндік беретініне  сенім мол. Комиссия бүгінде бірқатар ұсыныс-пікірлерді
ортаға салып, талқылауда. Алдағы уақытта өңірлерге шығып, халықпен жүздесеміз деп отыр. Мұның барлығы тиімді  шешімдер қабылдауға негіз болады деп ойлаймын. Қалай  болғанда да, жер тағдыры – ел тағдыры ғой. Оған барлығымыз  жауапкершілікпен қарап атсалысуымыз керек. Өз басым  комиссия жұмысына сәттілік тілей отырып, оның нәтижелі  болатынына үмітпен қараймын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.