Отбасы тәрбиесінің берері мол

Үштілділік саясаты жаңа ғана көтеріліп отыр­ған мәселе емес. Көптен айтылып келеді. Мұ­ны бүгінгі өзгермелі өмір, зымыран заман талап етіп отыр. Меніңше, мұндай тұғырнама жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашады.

Өзінің ана тілі мен орыс тілін жақсы білген бала ағылшын тілін де тез меңгеріп кетеді. Біз өркениетті елдер қатарынан көрінуге күш салып жатырмыз. Мұндай жағдайда ғылыми-техникалық прогреске ұмтылып, техникасы дамыған елдермен иық тіркестіре білген жөн. Ол үшін әрине, ағылшын тілін білудің түк те артықтығы жоқ.
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Осы тілді меңгерген жас шетелдердегі беделді университеттерде оқи алады. Сөйтіп, әлемдік деңгейде білім алатынына еш күмән жоқ.
Егер бала қазақы тәрбие алсын десек, отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлуге тиіспіз. Нәрестені тілі шыққаннан қазақша сөйлетуге үйрету керек. Егер отбасы мүшелері бір-бірімен орысша сөйлесетін болса жаңа туған нәрестенің қазақша сөйлеп жарытпайтыны белгілі. Сәбиді ес кіргеннен қазақтың өлең-жырларымен, жұмбақ, жаңылтпаштарымен сусындатқан жөн. Сонда ұтарымыз көп болады. Отбасында қалыптасқан тіл мен тәрбиенің маңызы зор.

Қайрат ЖАҚСЫБЕКОВ
Алматы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.