Жыр алыбына арналды

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық және Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойларына орай «Қазақ энциклопедиясы» баспасы мемлекеттік тапсырыс аясында ­«Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясын жарыққа шығарды.
Бұл кітап – қазақтың маңдайына біткен біртуарлар жайындағы санаулы ғана тұлғалық энциклопедиялардың бірі. Аталмыш баспадан бұған дейін Абай, Қ.Сәтбаев, Абылайхан секілді тұлғалық энциклопедиялар басылып шыққан болатын. Жинаққа елімізге танымал ғалымдар, жазушылар, зерттеушілер атсалысты. Соның арқасында туындының ғылыми құндылығы арта түсті. Кітапқа 3 мыңдай мақалалар енгізілді. Олардың ішінде ғылыми-зерттеу тұрғысындағы мақалалар, ақынның өлең-жырлары, дастандары, айтыстары туралы мағлұматтар, жыр алыбы жайында жазылған кітаптар, салынған суреттер, түсірілген фильмдер, ақынға арналып шығарылған ән-күйлер және т.б. туындылар топтастырылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.