Ел болашағы – жастар

Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы Респуб­ликалық эстрада-цирк колледжінде «Тәуел­сіз­дік мұраты – Мәңгілік Ел» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Бүгін сіздер ұсынғалы отырған идеялар, озық тәжірибелер, ғылыми сарапталған еңбектер Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, әлемдік деңгейге көтерілуіне өз үлесін қосады деп сенемін» деген колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Уашев қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференцияда 2 секция бойынша қазақ, орыс тілдерінде 15 ғылыми жоба қорғалды. Мәдениет және өнер бөлімі бойынша ­«Актер» бөлімінің 2-курс студенті Ф.Базарбаева 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Халық» бөлімінің 2-курс студенті М.Жанахметова және «Актер» бөлімінің 2-курс студенті К.Әсет алды. Ал 3-орынға 2-курс студенттері А.Санай, А.Қыдырбек және С.Орқашбаева лайық деп танылды. Тарих және мәдениеттану секциясы ­бойынша «Жеке ән салу» бөлімінің студенттері А.Қуанышалиева, А.Жұмақан, Б.Қалел және т.б. жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен, ал олардың ғылыми жетекшілері мақтау қағаздарымен марапатталды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Толқын

    Елімізде шығармашыл, өнерлі, дарынды жастар өте көп. Оларға қолдау да ойдағыдай.

  2. Риза

    Жастардың шығармашылығы алға өрлей берсін, ынталары арта берсін. Сәттілік!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.