Үнді тауарлары ұсынылды

Алматыда «Атакент» көрме орталығында Үндістанның ­тауар өндірушілерінің жәрмең­кесі өтті. Оған 40-тан астам үндістандық компаниялар қатысты.

Келушілердің ерекше ықы­ла­сын аударған көрмеге түрлі сұрып­тағы шай, дәмдеуіш, көздің жауын алар маталар мен әшекей бұйымдар қойылған. Оларды 50-ден аса әлемге танымал кәсіпкерлер ұсынған. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – Қазақстан мен Үндістан арасын­дағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту. Өйткені екі елдің өзара ынтымақтастықты дамытуда әлеуеттері өте жоғары.
Қалыптасқан дәстүрге сай, көрме халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізіліп отыр. Көпшілік мұнда үнді елінің жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымда­рын қол­жетімді бағаға сатып ала алады. Мұнда тіпті тігін, тоқыма ­бұ­йым­­дарын, әшекейлер, жиһаз бен үнді шайы сынды өнімдер бар. Үндістанның жеке бизнес өкілдерінің бастамасы­мен биыл өткізіліп жатқан ша­раға Қазақстандағы осы ел­дің дипломатиялық өкілдігі мен ­Алматы әкімшілігі қолдау көрсетті. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізіліп жат­қан көрмеден ер-азаматтар өзде­рінің сүйікті жандарына тамаша сыйлықтар таңдай алады. ­Сонымен қатар жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы технологиясы, ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, өндірістік тігін машиналары, сәнді әшекейлер, қолөнер және шөптік дәрілер бағытында еңбек ететін компаниялардың тауарлары қойылды.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.