Үздіктер анықталды

«Тұран» университетінде республикалық ғылыми ­басылым, кітап, монография бойынша байқаудың үздіктері анықталды.

ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдас­ты­руымен өткен байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Ашылу рәсімінде ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымының докторы Рахман Алшанов сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктен бергі еліміздің экономикасының, ғылы­мының дамуына тоқталды. Мемлекетіміздің дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына енуге әрекет жасап жатқандығын, бұл мақсатқа қол жеткізуге ғалымдардың қосар үлесі мол екенін тілге тиек етті. Марапаттау рәсімінде қазылар алқасы әртүрлі аталым бойынша үздік шыққан тұлғалардың еңбегін бағалап, алғыс білдірді. Байқауда еліміздегі жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу институтынан 100-ден астам ғалым, ұстаз, докторанттар мен магистранттар бақ сынады. «Үздік монография» аталымында Бақытжан Жұмағұлов, «Үздік кітаптар» аталымында Қосан Тасқынбаев үздік деп танылды. Тарихи кітап ­бойынша «Үздік кітаптар» ­Жомарт Жеңіс, ал мәдениет саласы ­бойынша ­Назымбек Дүкембайдың еңбегі бас жүлдеге лайық болса, ­Дмитрий Мацюк, Кеңес Жақыпов, Меңсұлу ­Жексембекова туындылары «Үздік ғылыми мақала» деп танылды.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.