Тасқынға – тосқын

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздің 7 аймағындағы екі мың үйді су басқанын айтты.
Министр тиісті шаралар атқарылмаса, көктемгі қар сулары Астана қаласына да қауіп төндіруі мүмкін екенін хабарлады. Иә, көктемгі су тасқындары ауылдар мен тұрғын үйлерді титықтатып, әбігерге салуда. Мәселен, Жабай өзені мен дала суларынан зардап шеккен Ақмола облысы Атбасар ауданындағы 50 үйді судан қорғану үшін салынған бөгет те құтқарып қала алмаған. Тасқындап келген су үйлерді түгелдей басып қалған. «Қазгидрометтің» таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерде және Жайық өзенінде көктемгі жағдайға орай су деңгейлерінің көтерілуі, су тасқындары болуы мүмкін екен. Бүгінде судан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Сәкен

    Бала кезімізде тасқын болыпты деген сөзді естімеуші едік. Адам мен заман пиғылына қарай табиғат та ауысып жатыр ма, қалай?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.