Босқын балалар саны көбеюде

Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ қоры 2015-2016 жылдары 300 мыңдай бүлдіршін ата-анасы немесе үлкендердің көмегінсіз шекара асып кет­кендігін мәлімдеді.
Екі жылдың есебі бойынша жасалған баяндамада мұндай сипаттағы балалардың 170 мыңнан астамы Еуропаға келуді көздегені атап көрсетілген. Ал 2016-2017 жылдары Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен бүлдіршіндердің 92%-ы өз бетімен келген. Олардың дені Африкадан: Эритрея, Гамбия, Нигерия, Египет және Гвинея елдерінен шыққан. Мәліметтерге қарағанда, балалардың жанашырынан айырылу себептері әртүрлі. Кейбірін шетелге ата-анасының өзі жіберген болса, енді бірі аласапыран кезінде адасып қалған. Арасында адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың құрбандары да бар екен.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Сая

    Әлемде болып жатқан соғыс, ашаршылық балалардың тағдырын тәлкекке салуда. Бұл әрине, өте өкінішті. Жетім қалған балалар, саудаланған балалар…

  2. Әдия

    Аллаға шүкір, біздің балалар соғыс дегеннің не екенін білмей өсіп жатыр. Бұдан асқан бақыт жоқ қой. Осыны бағалай білейік.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.