Ұзақ өмір сүрудің сыры

ҚР Президенті Іс Басқармасы  Медициналық орталығының басшысы,профессор Валерий Бенберинкөптеген жылдар бойы адамның қартаю үдерісі мен өмір сүрудің жалғасу тәсілін зерттеп келеді.  Бенберин мен оның әріптестері ерте қартаюдың себебі метаболизмдік синдром теориясы немесе зат алмасудың бұзылуынан деп санайды.  Олар бұл болжамды тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Осы тақырыпқа орай біз профессорды әңгімеге тартқан едік. 

– Ұзақ өмір сүрудің қандай сырлары бар?
– Бұл адам баласының өзіне қалай қарауына байланысты. Егер ол белсенді болса, дене шынықтырумен айналысса, қандай тағамды жеу керек екенін білсе, қоғамның игілігі үшін еңбек етсе және жасампаз болса, онда әрине, бұл өмірсапасын жақсартады.Ең маңыздысы –дұрыс тамақтану. Тек табиғи азық-түлікті пайдалану және мүмкіндігінше үйреншікті тағамдарды жеген жөн. Ол үшін жоғары сапалы тағам түрлерін және оны дайындау технологиясын білу керек. Әр адам азық-түлікті сатып аларда оның қауіпсіздігіне мән беруді ұмытпауы қажет. Өйткені қазір дүкен сөрелерітүрлі сусындарға толы. Оның бәрі – химиялық сұйықтықтар. Оларды ішуге болмайды.Ұзақ өмір сүрудің құпиясы шынында да қарапайым: саламатты өмір салты, дене жүктемелері мен денсаулығыңды үнемі қадағалап отыру. Әсіресе орта және ересек жастағы адамдарға бұл аса қажет. Ал керемет деген дәрі-дәрмектердің өзі адамға көмектескеннен гөрі денсаулыққа зиян келтіреді – ұзақ өмір сүрудің сырын білетін адамдар бұл сөзді растайтынына күмәніміз жоқ.
– Метаболизмдік синдром дегеніміз не және одан неге қорқуға тиіспіз?
– Метаболизмдік синдром, зат алмасу ауытқулары мен басқа да әлеуметтік-маңызды сырқаттар – шын мәнінде жалпы денсаулық сақтаудағы заманауи клиникалық медицинаның өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе егде жастағы адамдарға қатысты болған­дықтан, бұл әлеуметтікмаңызды тақырыпты қозғайды. Сондықтан бұл мәселені кәсіби және ғылыми тұрғыдан қарастыру, метаболизмдік синдром туралы клиникалық білімді кеңейту, теориялық жаңа ұсыныстарға қол жеткізу және осының барлығын іс жүзінде пайдалана отырып жетілдіру қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы метаболизмдік синдромды XXI ғасырдың індеті деп есептейді және бұған таңданудың реті жоқ. Оған негізгі төрт компонент кіреді: семіздік, артериялық қан қысымының жоғарылауы, глюкоза мөлшерінің жоғарылауы және қандағы қиын сіңетін майлы қышқыл. Және бұл метаболизмдік синдромның даму үдерісіндегі ком­поненттердің бәрі бірін-бірі үдете түседі, сөйтіп бастапқыда ағзалар мен ағза жүйелерінің функционалдық бұзылуына, ал біраз уақыттан соң, әсіресе, егде жастағы адамдарда жиі кездесетін әртүрлі әлеуметтік-маңызды аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады. Бұл тіпті мезгілсіз өліммен аяқталуы мүмкін.
– Бұл синдром халық арасында қаншалықты тараған?
– Егде адамдар арасында таралуы орта есеппен үштен бірін немесе 20-40%-ды құрайды.Метаболизмдік синдром артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы миокард инфаркты мен инсульт, сондай-ақ қант диабеті ауруларына шалдығу тәуекелін 3-6 есе арттыра түседі.
– Бұл қауіпті аурулардың дамуына метаболизмдік синдромның әсерін шектеудің мүмкіндігі бар ма?
– Әрине, бар. Біріншіден, қазір мета­болизмдік синдромның бастапқы ­сатысын ерте анықтауға арналған алдын алу мен сауықтырудың жеке бағдар­ла­масын жасауға мүмкіндік беретін, скринингтік зертханалық және зерттеу құрал-жабдықтары бар. Екіншіден, метаболизмдік синдром басталған науқастарға, яғни жүрек-қантамыр жүйелерінің функционалдық бұзылуы, зат алмасу, сондай-ақ созылмалы ауруларға емханалық және стационарлық, сонымен қатар шипажайлық оңалту жағдайында динамикалық бақылау, қарқынды мақсатты ем жүргізіледі. Ол үшін біздің орталық заманауи медициналық технологиялармен жабдықталған. Үшіншіден, әлеуметтік-маңызды аурулардың дамуына метаболизмдік синдромның жағымсыз әсерін болдырмау мақсатында біздің ауруханаларда зертханалық және құралдық диагностиканың жаңа әдістері қолданылады.
– Медициналық орталық жүргізген ғылыми зерттеулернақты қандай нәтиже берді?
– Нәтижелер ауыз толтырып айтар­лықтай. Мәселен, ишемиялық жүрек аурулары бар науқастардың жүрек ұстамасының жиілігі қысқарады. Жіті миокард инфаркты бар науқастардың өмір сүру ұзақтығы 25-30%-ға артады. Қант диабеті бар науқастардың ахуалы жақсарады және асқыну жиілігі азаяды.
– Метаболизмдік синдромның алдын алу үшін біздің оқырмандарға қандай ұсыныс берер едіңіз?
– Ең алдымен, майлы тағамды шектеу, тағам құрамына көкөністер мен жемістердікөбірек қосу керек және өз салмағыңды бақылап отырған дұрыс. Ішімдіктен аулақ болу, психикалық эмоциялық жүктемеден сақтану және көбірек қимылдау керек. Белсенді өмір салтын әдетке айналдыру қажет. Егер сізде артериялық гипертония немесежүректің ишемиялық ауруы сезілген болса, онда дәрігердің ұсынымын мұқият орындау керек. Ауруды еш уақытта өз бетіңізше емдемеңіз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
Дана Халық

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.