Тоғызқұмалақ тартысы

Халықаралық Жастар күні мерекесіне орай Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен және Жармыш ауылы әкімдігінің қолдауымен ауылдағы орта мектепте тоғызқұмалақтан балалар мен жас­тар арасында жарыс болып өтті. Бұл шараның мақсаты – Маңғыстау спортшыларының даңқты дәстүрлерін жалғастыру, жастар арасында тоғызқұмалақты насихаттау, ауыл жас­тары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарысқа тікелей басшылықты, сондай-ақ бас төрешілікті аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мұңалбай Мұқанов атқарды. 20-ға жуық бала қатысқан сайыс тартысты өтті.
Жарыстың қорытындысында қыздар арасында бірінші орынды Жұмажан Інжу, екінші орынды Ұлжан Алтыбай, ал жүлделі үшінші орынды Айнұр Жұлдызбай иеленді. Ал ерлер арасында жүлделі бірінші орыннан Сағадат Бікірбай, екінші орыннан Данияр Болатов, үшінші орыннан Дәурен Бауыржанұлы көрінді. Жарысқа қатынасқан белсенді жастар ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттарға ие болды.
– Тоғызқұмалақ ойыны ауыл жас­тары арасында алғаш рет өтіп отыр. Бұл ойынның маңызы ерекше. Тоғыз­құмалаққа арналған үйірмелердің әр ауылда болғанын қалаймын, — деді М.Мұқанов.

Аллаберген Қонарбаев

Маңғыстау облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

5 Пікір

  1. Гүлназ

    Жастардың уақытын үнемді пайдаланып қана қоймай, ақыл-ойын дамытатын нағыз ойындарды осылай жиі ұйымдастырып тұру қажет.

  2. Жұлдыз

    Қазақтың ұлттық ойындарының бірі — тоғызқұмалақ. Оны кез келген адам ойнай алмайды. Бұған керемет білім мен төзімділік қажет.

  3. Балым

    Нағыз математикалық ойын, күллі әлемді бағындырған — шахмат ойынымен пара-пар.

  4. Лаура

    Қазақтар ерте заманда-ақ есепке өте жүйрік болған. Тоғызқұмалақ ойыны талай ойындардың төресі. Маған керемет ұнайды.

  5. Дария

    Халқымыздың ең мықты ойындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткіз үшін үнемі осындай игі шаралар ұйымдастырып отырғанымыз абзал.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.