Қалаға арналған туынды

«A»Star Film» және «Bayterek production» компаниялары түсірген «Облако на крыше» көркем фильмі жалпыұлттық прокатқа биыл сәуірдің 29-ынан бастап шығады. Аталмыш фильмге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы техникалық қолдау көрсетті. Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы-режиссері – актер, режиссер, композитор Әлішер Сүлейменов.

Фильм авторларының айтуы ­бойынша бұл картина Қазақстандағы ал­ғашқы қалалық сага-фэнтези. ­Туынды мәңгілікке жауласып келе жатқан ­Жақ­сылық пен Жамандықтың күресін қа­лалық жастардың түнгі өмірі мен ­күн­делікті тіршілігі арқылы баяндайды.
«Фильм көптің бірі боп жүрген жігіттің өмірін өз ойындарының ойыншығы еткен Періште пен Әзізіл туралы. Екеуі келісімге келіп, сыртынан бақылау жасап, Тимур есімді жігіттің өміріне араласады. Біз шынайы өмірде қаншалықты ертегінің орын алатынын және ертегіде шынайы өмірдің барын көрсеткіміз келді. Жалпы айтқанда, фильм үлкендерге арналған ертегі» дейді Әлішер Сүлейменов.
Барлық түсірілімдер Алматы қала­сында өткен. Түсірілім локациялары ретінде қаланың түнгі клубы мен биік ғимараттың шатыры алынған. Кейіннен сахналар арнайы эффектілер мен компьютерлік графика арқылы қажетті қалыпқа келтірілген.
Фильмдегі басты рөл жас актер, ­режиссер және сценарист Диас Әзімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, «Кино және тв режиссурасы» атты мамандық бойынша ­магистр атанған. Айта кетелік, бұл оның толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі.
Сондай-ақ фильмдегі кейіпкерлерді сомдаған Вахид Изимов, Камилла ­Нугманова, Қазына Абдырахман, ­Мадина мен Медина Тәліпбек, Үсенжан мен Асанжан Сұлтановтар және басқа актерлер бар.

Серік Байжігітов

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Катя

    отличный фильм

  2. Дима

    Нам с девушкой понравился фильм

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.