«Бөрі арығын білдірмес…»

Соңғы есепке қарағанда жер бетінде жыртқыш аңдардың 252 түрі бар екен. Солардың ішіндегі ең сірі жанды, нағыз жыртқышы – қасқырлар. Қасқырдың ауыл шаруашылығына келтіретін қыруар зияны көп.
Қаскүнем жыртқыштығы мен қома­ғай­лы­ғынан табындағы малдар бекерге өлетіндігін жиі байқауға болады. Әдетте қасқырлар қой табындарына шапқанда бірлі-жарым қоймен ғана шектелмей, ­аузына іліккен қойлардың мойнын бұрап, өлтіріп кетеді. Бұл оның өте ашқарақ екендігін көрсетеді. Одан тұяқты жануарлардың, кеміргіштердің, тіпті басқа жыртқыш жануарлардың қай-қайсысы болса да құтыла алмайды. Ал сірі жандығына келетін болсақ, қасқырды аяусыз құртуға қажетті барлық шаралардың қолданылуына қарамастан олар күні бүгінге дейін табиғатта тіршілік етуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.