Ауырып ем іздегенше…
Денсаулық – адам өмірінде басты құндылық. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне берген мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті сақтаса, денсаулығына зиян келмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе – қоршаған ортаның ластануы, бұған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының жеткілікті дәрежеде жүргізілмеуі. Осының салдарынан көптеген жұқпалы аурулары тарайды. Жұқпалы ауруларға қарсы шаралары уақытылы, сапалы жүргізілсе, оның алдын алуға мүмкіндігі бар.
Мысалы, вирусты гепатит А – бауыр зақымдануынан туындаған вирустық өткір жұқпалы ауру. Ауырған науқас адамның өзі инфекция көзі болып табылады. Вирус гепатитінің қоздырғышы қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, содан кейін дені сау адамның ағзасына ластанған сумен немесе тамақпен беріледі. Вирусты гепатит «А» сыртқы орта факторларына және дезинфекциялық құралдарға жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді, тамақ өнімдерінде өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін жетеді.
Көбінесе, ауру тұмауға ұқсас ауру белгілерімен басталады, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, қызудың көтерілуі. Алайда науқасты бұл тоқтатпайды, олар әдеттегідей жұмысын жалғастырып дәрігерлерге жүгінбейді.
Алғашқы белгілері қарапайым зәрдің түсі өзгереді, несептің сары түстен қоңыр, сыра түстіге дейін өзгеруі байқалады. Науқастың жақын туыстары бірінші болып байқайтын тағы бір белгісі ол көздің (көзбелоктарының) сарғаюы.
Гепатит ауруының келесі классикалық белгісі нәжістің түссізденуі болып табылады. Айта кету керек, вирусты гепатит «А» сарғаюсыз өтетін инфекциялар болуы мүмкін, ол кезде жүректің айнуы, тәбеттің жоғалуы және іштің ауруы мүмкін.
Сарғаю әдетте жасы ұлғайған сайын жиі тіркеледі, 5 жасқа дейінгі балаларда сарғаю сирек кездеседі, көбінде гепатит «А» сарғаю түрі – ересектерде кездеседі. Гепатит «А» ауруынан көз жұму, өлім-жітім 1%-дан 30%-ға дейін болуы мүмкін. Бұл ретте өлім-жітім жас ұлғайған сайын арта түсуі созылмалы бауыр ауруының көбеюіне байланысты айқын анықталады.
Жұқпалы «А» гепатитінен қорғаудың неғұрлым тиімді жолы – екпе жасау іс-шаралары. Жоспарлы екпе жасау 2 жасқа толған балаларға және шұғыл түрде вирус ошағында болған 14 жасқа дейінгі балаларға арасы 6 ай сайын 2 екпе жүргізіледі. Вакцинация көмегімен құрылған иммунитет 20 жыл және одан да көп сақталады.
М.Есембаева
Алмалы аудандық Қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының
бас маманы