Танымдық саяхат

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Осы орайда «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны баршаға мәлім. Осыған байланысты білім беру саласында оқушылар арасында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуге баса мән берілуде. Өз жұмысын тың талаптар тұрғысында жүргізіп отырған Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы да Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға талпынуда.
Аталмыш орталықтың директоры Самат Жаңбырбаевтың айтуынша, оқушылар арасында туған өлкені тануы бойынша қызығушылығын дамыту мақсатында «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай мен Қайынды», «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық саябақтарына және Тұңғыш Президент, Шоқан Уалиханов, Сара Тастанбекқызының мұражайларына қызықты экскурсиялар мен танымдық экспедициялар өткізілген. 2017 – 2018 оқу жылында Астана қаласының жиырма жылдығына орай 20 санатты және дәрежелі жорықтар жасалыпты. Сонымен қатар спорттық жартасқа өрмелеуден және туристік көпсайыстан чемпионаттар ұйымдастырылып, 2017 – 2018 оқу жылында тұңғыш рет мектеп ұстаздары арасында туристік слет болып өтті.
Сүйсінерлігі сол, туристік орталықтың «Ирбис — Текелі» командасы туристік көпсайыстан Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында өткен республика чемпионаттарында топ жарып, ауыспалы Кубоктың екі мәрте иегері атанды.

Ш.БАТЫРБАЕВ
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.