Әншілер мен жыршылар байқауы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XΙ пәндік студенттік олимпиадасының «Дәстүрлі ән», «Жыршылар» номинациялары бойынша республика­лық байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Аталған сайыс Қазақстанның халық артисі Ғарифолла Құрман­ғалиевтің туғанына 110 жыл және ҚР еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменов­тің туғанына 70 жыл толуына орай өткізіліп, ас­та­намыздағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Қазақ мемлекеттік Қыздар педа­гогикалық университеті және Х.Досмұхамедов атындағы университетінен 28 студент қатысып, бақ сынады.
Додада нағыз жүйріктер таңдалып, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенті, жыршы Ерсейіт Әлиев 1-орынға, Х.Досмұхамедов университетінің студенті Айбек Қабыланбек және Нұр-Сұлтан қаласындағы Өнер университетінің студенті Есбол Қуанбек 2-орынға ие болды. Ал 3-орынды консерватория студенттері Бек Нұриддин мен Диана Көшербаева, астанадан Нұрәлі Есхат есімді студенттер иеленді. Лауреат атанған жас талапкерлер өздерінің әншілік, жыршылық қырларын жақсы көрсете білді.
Байқауға Ардақ Исатаева, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев, Ерболат Шалдыбеков сынды елімізге белгілі әнші, жыршылар төрелік етті. Айта кетейік, пәндік олимпиада жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылып келеді.

Күнқожа ИСЛАМҚОЖАҰЛЫ,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының оқытушысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.