Нақты жобалар талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Элизабет Нельсонмен кездесті. 

Г.Әбдіқалықова ел Президенті Қ.Тоқаевтың 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісуінің ресми рәсімінде айтқан сөздеріне назар аударды: «Біз конструктивтік, теңдестірілген, көп бағытты сыртқы саяси қадамымызды жалғастырамыз. Әлемдік аренада ұлттық мүдделерді нық ілгерілететін және қорғайтын боламыз. Елдің сыртқы саяси қызметі елге, ұлттық бизнеске, әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі». Ол Мемлекет басшысы халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа маңызды мән беретіндігін атап өтті. «Біз ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылы ­Ұлы­британияға сапары­ барысында жа­салған АХҚО, ЕҚДБ және The City UK британдық ұйым­дар қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумды жүзеге асыруды жоғары бағалаймыз» деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Кездесу барысында ЕҚДБ-мен ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. 26 жылдан аса уақыт ішінде 7,5 млрд. еуро сомасында 246 жоба қаржыландырылды. 2015 жылдан бастап «Бизнестегі әйелдер» бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда, жалпы сомасы 26,1 млрд. теңгеге 20 мың ауылдық жерлерде әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыз берілді. 2017 жылы «Бизнестегі әйелдер» екінші бағдарламасы іске қосылды, ол 100-ден астам кәсіпкер әйелдер үшін кәсіпкерлік мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсетуді, коучинг өткізуді көздейді.
Тараптар ынтымақтастықты да­мыту­дың ағымдағы серпініне қа­на­ғат­танушылық білдірді және инклю­зивті даму мен әйелдердің эко­номикалық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде, 2018 жылы гендерлік шектеулері бар тізбеден жұмыстың 96 түрін алып тастау мүмкіндігі туды, ­осылайша, әйелдерге рұқсат етілмеген жұ­мыс­тардың саны, шамамен, 30%-ға қыс­қартылды. Бұл, біріншіден, әйелдерге бульдозер, грейдер және локомотив машинисі, асфальтбетоншы, металл құюшы, қазаншы, тиеу машинасының машинисі, краншы, механик және электрик және т.б. ақылы жұмыс орындарын алуға мүмкіндік берді. Екіншіден, әйел­­дер еңбек нарығының гендерлік не­гізінде бөлінуін қысқарта отырып, жылдам өсіп келе жатқан және жоғары ақы төленетін секторларда жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Кездесуде, сондай-ақ жасыл технологиялар саласында әйелдердің қатысуымен ғылыми зерттеулерді ­дамыту мәселелері талқыланды.

Айтуған Дәулет

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.