Ақша құны

Белгілі саяхатшы Уэльстің кемесі Таити аралына жеткен кезде бұрын ақша дегенді білмейтін жергілікті тұрғындар сол теңізшілерден айырбасқа алған әдет­тегі шегелерді ақша орнына пайдалана бастайды.
Ал кемелердің аралға қатынауы қан­шалық сиреген сайын шегенің бағасы да өскен. Ақырында оның қым­баттағаны соншалық, бір шегенің құны тіпті аспандап кеткен.
ХІХ ғасырдың басында Оралдан платинаның үлкен кені ашылуына байланысты патшалық Ресейде ақшаны осы бір бағалы металдан өрнектеп шығара бастады. Бірақ жұртшылық бұл ақшаны онша қабылдамады және ақша жасап шығарушылар да көбейді. Сол кезден бізге жеткен сот хабарларының бірінде платина құймасына белгілі мөлшерде күміс қосып жақындарын алдағаны үшін жалған ақша шығарушыға өлім жазасы берілгені жазылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.