Жеті қыр – жетістіктің бастамасы

Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» және облыстық «Күміс тамыр» Қытай этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Жеті қыр – жетістіктің бастамасы!» атты облыстық форум өтті.

Кездесу барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай сөз сөйледі.
– Қасиетті қазақ даласы қандай кең әрі дарқан болса, елінің де көңілі мен құшағы дәл сондай. Осындай қонақжайлылық пен ауызбіршіліктің нәтижесінде бүгінгі күнге қол жеткіздік. Бейбітшілік пен берекенің нәтижесін күллі қазақ халқы көріп келеді. Бұл баршамыз үшін үлкен жетістік. Береке. Татулық. Бірлік. Осындай қасиетті де қастерлі, киелі сөздің құдіретіне бәріміз бас июіміз керек, – деді ол. Сондай-ақ концерттік бағдарлама және белсенділерді марапаттау рәсімін өткізді.
Жалпы шараның басты мақсаты – жастарды әр ­этнос өкілдерін құрметтеуге шақыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында азаматтық белсенділікті қалыптастыру. Оындай ұстанымды ұстанған Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» мұндай шараларды белсене атқарып келеді.

Маржан ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.