Келісім үлгісі

Наталья Гнездилова көптен шешілмей жүрген мәселесін шешіп, алғысын жаудыруда. Мұрагерлікке байланысты мәселелерін шешу үшін біраз табалдырықты тоздырған көрінеді. Бүгін Ашық есік күні өтетінін, онда қаланың құзыретті орындарының өкілдері қабылдау өткізетінін естіп келген екен…

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Әуезов аудандық фронт-офи­сін­де Халықаралық «Жанашыр»­ қоғамдық қоры мен ­Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы Достық үйі ­Медиация кабинетімен бірлесе ұйымдастырған Ашық есік күні, Наталья Николаевна тәрізді ­20-дан аса адам өздерінің сұрақтарына жауап алды.
Алматы қалалық соты, ­Алматы қалалық прокуратурасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы ­бойынша филиалы (Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, Жер кадастры, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мамандандырылған ХҚО салалары бойынша), АХАЖ, Алматы қаласы ҚХА, Көші-қон қызметі басқармасы, халықаралық Медиа­ция орталығы өкілдері қатысып, банк несиелері, мұрагерлік, алимент төлеу, қылмыстық істер, еңбек қатынастары және тағы басқа сұрақтары бойынша кеңес алды, мәселелерін шешті.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Медиация кабинетімен бірге жыл соңына дейін осындай қабылдаулар өткізіп отыру­ды жоспарлаған болатын. ­Аталмыш шара республикалық бірыңғай медиация күніне орай ұйымдастырылып отыр. Әртүрлі тақырыптағы мұндай Ашық есік күндері апта сайын өтетін болады» дейді шара ұйымдастырушысы, Халықаралық «Жанашыр» қоры­ның басшысы Жаңыл Әпетова.
Қоғамдық келісім мен жал­пы­ұлттық бірлік саласында медиа­цияны дамытуға қолдау көрсету мақсатында өткен шарада ­Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров, Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры ­Данияр Қырықбаев, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек ­Батталханов, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев және басқа құрметті қонақтар арнайы күн­мен құттықтаған ресми бөлім осы күні кешке дейін созылған қоғамдық қабылдауға ұласты.

Смайыл БАЗАРБАЙ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.