«Барыс» жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұзсарайында 10-шы рет ұйымдастырылған хоккейден Қазақстан Президенті кубогы өз мәресіне жетті. Елорданың «Барыс» клубы алғашқы үш ойынында қарсыластарынан басым түсіп, Президент кубогын бесінші рет жеңіп алды.

Мұз үстіндегі бәсекенің ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады. Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үш дүркін жеңімпазына қарсы өткен ойында жерлестеріміз 6:1 есебімен басым түсті.
Екінші ойынын «Нефтехимик» клубына қарсы өткізіп, камбэк жасады. Кездесудің бірінші кезеңінде 1:3 есебімен жеңіліп жатқан Елорда командасы 5:3 есебімен жеңісті қарсыластан жұлып алды. Үшінші кездесуде «Автомобилист» командасын қабылдап, аса тартысты өткен матчта «Барыс» 3:2 есебімен басым түсті. Бәсеке басталған бетте ойын тізгінін қолына алған алаң иелері бірінші кезеңде қарсылас қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Шайба авторлары – Дмитрий Шевченко мен Ииро Пакаринен. Екінші кезеңде Никита Михайлис «Барыстың» үшінші шайбасын соғып, командасының жеңісін нақтылай түсті. Үшінші кезеңде қонақтардың екі шайба салуға шамасы жетті.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.