Отарлау саясаты

Ағылшын, француз, голланд Ост-Үнді компаниялары бастаған Шығыс елдерін ­отарлау әрекеттері көптеген мемлекеттер мен халықтарды тәуелсіздігінен айырып, отар елдерге, кейбірін жартылай отар елдерге ­айналдырды.
Әрине, Шығыста еуропалық экс­пан­сияға қарсы тұратын және шетелдіктердің баса-көктеп кіруінен бас сауғалаған елдер сақталып қалды. Қытай, Жапония,­ Корея және Вьетнам үкіметтері өздерінің мемлекетін жабық деп жариялады. Бірақ Батыс мұнда жанама жолдармен енуге ұмтылды. Қытай ауыр жағдайда қалды. Жалғыз ашық порт – Кантон арқылы ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Бенгалиядан әкелінген апиынды елге жеткізіп тұрды. Қытай өкіметінің барлық тыйым салғанына қарамастан апиынды күміске және бағалы экспорттық тауарларға айырбастау саудасы түбегейлі ұлттық кедейшілікке айнала отырып, өте белсенді түрде жүрді. Еуропалықтардың қолына не өзінің саяси дербестілігін, не әскери күштерін жоғалтпай кең-байтақ Осман империясының сыртқы саудасы толығымен дерлік көшті.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ресей экспансиясы және оның халықаралық саясаттағы мәртебесі бір мезгілде күрт артты. Шығысқа жылжу біршама ауқымды болды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар бойы әскери қызметтегі адамдар, казактар және шаруалар біртіндеп Сібірді игерді, ал 1784 жылы алғашқы орыс елді мекендері Аляскада да пайда болды. Амурда Ресей экспансиясын Қытай тоқтатып, ХVІІ ғасырдың соңында онда орыс-қытай шекарасы орнатылды. Сібірді отарлау Ресейдің аумағын екі есе ұлғайтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.