Тіл – татулық тірегі

Алматыда Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясын­да «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетек­шілері, мүшелері және жастары, тілші-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассам­блеясының Алматы қаласында­ғы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кол­леджі мен «ИнтерЛингва» лицейінің білімгерлері қатысты.
Басқосуды Алматы қаласы рес­публикалық Достық үйі жұмысын қам­тамасыз ету қызметінің жетекшісі Талғат Алдажаров ашты. Конференция қатысушылары Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолдану­дың 2011-2019 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасының өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан этностарының тілі мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Жиынды философия ғылымының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры Гүлмира Біләлова жүргізді. Басқосуда Бақыт Шпекбаева «Тұлғалық дамудағы әлем тілдерінің атқаратын әлеуметтік-мәдени міндеті», Асылы Осман «Мем­лекеттік тіл – менің тілім», Шах­исмаил­ Асиев «Мемлекеттік және ана тілін оқу мәселелері», Руслан ­Арзиев «Тәуелсіз Қазақстандағы ұйғыр тілінің дамуы», Георгий Иорданиди «Қазақстан гректері қауымдастығы жексенбілік мектептерінің жұмысы», Алима Сқағиева «Қазақ тілі мен ана тілінің құдіреті», Райхан Имаханбет «Қазақ жазуының қалыптасуындағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі», Анар Салқынбай «Ұлттық код: ұлттық жазу және қазіргі әліпби», Айнұр Қаршығаева «Тіл және қоғам», Мерейхан­ Жұмағалиев «Үштілділік ор­таны қалыптастыру» деген тақы­рыптарда баяндама жасады.
Конференция жұмысына белсенді қатысқан республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүше­леріне, әріптес ұйымдар өкілдеріне және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асыру және ұлтаралық келісімді нығайту ісіне үлес қосқан қоғам қайраткерлерін, зиялы қауым өкілдерін, түрлі салада қызмет атқаратын тіл мамандарын «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры «Қазақ қыраны» төсбелгісімен марапаттады.
Конференция қатысушылары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Жиында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің қазақ ұлттық аспаптар ансамблі мен Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Нұрлайым БАТЫР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.