Ең үлкен үңгір

Вьетнамның Фонгня-Кебанг ұлттық саябағында орналасқан Шондонг үңгірі әлемдегі ең үлкен үңгір саналады.
Оның тереңдігі – 200, ені – 150 метр, ал жалпы ұзындығы – 5 шақырымды құрайды. Алып үңгірдің көлемі – 38 миллион текше метр. Шондонг вьетнам тілінен аударғанда «таулы өзен үңгірі» дегенді білдіреді.
Ғалымдардың зерттеуінше, бірегей үңгір жерасты суларының жарықтар арқылы жер қыртысын үздіксіз шаюынан 2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жергілікті тұрғындар үңгірге 1991 жылы кез болды, бірақ үңгірді зерттеу жұмыстары 2009 жылы ғана Говард Лимберт бастаған ағылшын спелеологтарымен жүргізілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.