Кемел келешек кепілі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті Алматыдағы «Көктөбе» демалыс кешенінде «Жастар – кемел келешек кепілі» атты дәстүрлі Студенттер қатарына қабылдау шарасын өткізді. Салтанатты шараға Алматы қаласы әкімдігі, Медеу, Бостандық аудандарының басшылығы, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» өкілдері, ЖОО ректорлары, ғалымдар қатысты.  

Мерекені ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов құттықтау сөзбен ашып, бірінші курс студенттеріне студенттік билет тапсырды. «Жастар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі тірегі. Сондықтан бұл білім алушы жастарға серпін беру, олардың патриоттық рухын көтеру, бірлік пен достыққа шақыратын салтанатты мереке. Алматы – білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің, арманшыл жастардың қаласы. Көктөбе кешенінде үлкен өмірге жолдама алып отырған бүгінгі жастарымыз елге қызмет ететін білікті маман болып шығатынына кәміл сенемін» деді ҚазҰАУ ректоры.
Қазіргі күні 90 жылдық тарихы бар университет еліміздегі аграрлық білім мен ғылымның инновациялық ошағына айналды. Ұлттық бағыттағы тәрбие мен озық білімді ұштастыра отырып, әлемдік стандарттарға сай өзіндік даму моделін қалыптастырып келеді. Университетке биылғы оқу жылына бакалавриат бойынша­ 2,5 мың талапкер қабылданды. Оқу орны беретін білім сапасы көтерілген сайын оған түсушілердің саны да арта беретіні анық.
Салтанатты шарада өнерпаз студент­тердің концерттік бағдарламасы ұсы­нылды. Университет жанынан құрылған «Гүлбану» би ансамблі, ұлт аспаптар оркестрінің өнеріне жиналған көпшілік тәнті болды.

Дана ХАЛЫҚ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.