Өнердегі өшпес із

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның атақты мүсіншісі Бақытжан Әбішевтің «Дала үні» атты мемориалдық көрмесі өтті. 

Бақытжан Әбішев ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Ленин комсомолы сыйлығының және халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақ халқы­ның мүсіндік өнеріне үлкен үлес қосып, қалың жұртшылықтың көңілі­нен орын таба білген жан. Оның қолынан шыққан кез келген мүсіннің өзіндік ерекшелігі мен астары бар. Атап айтсақ, Атырауда орналас­қан «Исатай мен Махамбет», «Исатай Тайманұлы», Ақтөбеде орналасқан «Әлия Молдағұлова», Алматыда­ғы «Жамбыл Жабаев», «Әл-Фараби» сынды ірі мүсіндердің авторы. Бүгінде оның өз қолымен жасаған мүсіндері танымал өнер туындыларына айналды десек те қателеспейміз. Себебі тас пен қола дәуірінің кезеңін аңғартатын қыш пен қоладан жасалған туындылары халық көңілінен шығып, бүгінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінің төрінде тұр.
«Дала үні» көрмесі Құрманғазы атын­дағы қазақ консерваториясының студенттерінің орындауында күймен ашылды. «Қазақтың қай өнері болса­ да, бағалап білетін халықпыз. ­Сон­дықтан Бақытжан ағамыздың туындылары­ бүгінде музейіміздің төрінде тұр деп есептеңіздер» деп, сөз басын ҚР Мемлекеттік орталық музейі­ ­директорының орынбасары ашып берді де, музей атынан алғысын білдіре отырып,­ Бақытжан Әбішевтің аяулы жары Шәмшәгүл Меңдияроваға сыйлықтарын ұсынды.
Шәмшәгүл Меңдиярова өз сөзінде «Жұбайым көзі тірісінде Ақтау, ­Атырау, Алматыда көрмелерімді өткізсем деп армандады. Атырау мен Ақтауда ұйымдастырдық. Енді, міне, Алматы­да өтіп отыр» дей келіп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Диана ІЗБАСАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.