«АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ»

Қармақшы ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ауыл өнерпаздарының шығармашылығын қолдау мақсатында «Аймақтар аламаны»­ байқауы өз мәресіне жетті.

Шараның мақсаты – ұлттық дәстүр, рухани ұстаным, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ауыл жастарының шығар­машы­лығына серпіліс жасау. Ақтық сайысқа дейін ауданға қарасты 14 ауылдық округтің өкілдері өзара бақ сынасып, одан 8 ауыл жартылай ­фи­налға жолдама алған болатын. Жалпы өнер фестиваліне 200-ден аса танылмай жүрген таланттар, ерекше дарын иелері жарқырай көрінді. Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен гала-концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ақтық додада аудан әкімінің орын­басары Омаров Жарқын ­Тұр­ма­ханұлы қатысушы өнерпаздарға сәттілік тілеп, сөз сөйледі. Төретам кенті, Ақай, Жаңажол, Ақтөбе ауылы өнерпаздарының өнерлерін арнайы жасақталған қазылар алқасы сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімімен «Ұлағат» аталымы бойынша­ Төребай би және Ақжар ауылының «Әжелер» ансамбльдері, «Шабыт» аталымында Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінің жанынан құралған «Драма» үйірмесі жүлделі болды. Қармақшы ауылының өнерпазы Әділет Бимұратұлы – «Алтын дауыс», ІІІ Интернационал ауылының өнерпаздары Назым Абуқасымова және ұстазы Гүлжан Әбдірова – «Муза», Қызылтам ауылының өнерпазы ­Жомарт Рақымжанов – «Үздік көрме», Ақай ауылының өнерпазы Дәріқұл Махамбетов – «Ұлт құндылығы», Иіркөл ауылының «Ағалар» ансамблі – «Ағалар жолымен» аталымымен марапатталды. Сайыстың нәтижесінде ІІІ орынға – Төретам кенті, ІІ орынға – Ақтөбе ауылы, І орынға – Ақай ауылының өнерпаздары лайық деп танылды. Ал Бас жүлде мен 300 000 теңге сыйақыны Жаңажол ауылының өнерпаздары жеңіп алды.

Диана ІЗБАСАР
Қызылорда облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.