«Сырғалым» – қолөнерге баулиды

Ақтөбе қаласындағы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қыз баланың тәрбиесі мен ас үй ептілігіне баулитын, іс тігу мен қолөнер шеберлік сағаттарын жүргізетін арнайы «Сырғалым» қыздар клубы жұмыс істейді.

Клуб мүшелері қолөнер, кесте тоқу, ас әзірлеу тәрізді дүние­лерге машықтанады. Жуырда тағам түрлерін дәмді етіп дайындауды­ үйрету мақсатында кезекті шеберлік сағатын кітапханамыздың ас үйінде өткіздік. Шеберлік сағатымызға «Сырғалым» қыздар клубының мүшелерімен қоса кітапхананың жастары да қатысты. Бастапқыда жастар сүйіп жейтін Италияның ұлттық тағамы пицца мен үлкендерге күлше нан пісіруді жөн көрдік. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған таба нан. Бұл тағамның жасалу жолын шәкіртім Мейрамгүл Есенгелдинова­ бірден үйіріп әкетті. Салма ретінде шұжық, зәйтүн майы, қызанақ тұздығы мен қызанақ, үстіне ірімшік салып 25-30 минутта ­дайындап шығарды. Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Нан – қасиетті. Қамырды ашытып, нан пісірудің техникасын түсіндірдім. Клубтағы шәкірттерімнің бірі – Дамира Еришева жылы тұзды сумен қамыр илеп, қант пен мейізден күлше нан пісірді. «Ас адамның арқауы» деген, әрбір отбасындағы қыз бала асты дәмді етіп дайындай білумен қатар, жылышыраймен қонаққа, үлкендерге ұсыну, дастарқанға қою әдебін де білуі тиіс. Мұның барлығы ұлттық тәрбие мектебіміздің бір көрінісі іспетті.

Бибігүл ШӘМЕДЕНОВА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер
кітапханасының қызметкері

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.