Туған елге

Бабай КӘКЕНЕЙҰЛЫ

Қолыма қалам алып, хат жазайын
Нұқаным, көрер ме екен, ағатайым
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз
Азырақ өткен күнен сөз қозғайын…

Нұқаным, інілерім аман ба екен?
Япыр-ай, мен де елге барар ма екем?
Айрылып бір мүшеден ғаріп болдым.
Жазылып бұл жара да қалар ма екен?

Қазақстан күндіз-түн кетпейді естен
Кешегі қайран күнім желдей ескен
Еріксіз еске түссе жабырқайсың
Жақынды, бауырларды бірге өскен.

Жайқалып, ел орнына қонар деймін.
Жарқ еткен жақсылық күн болар деймін.
Айрылдық талай қыршын боздақтардан
Солардың орны ұрпақпен толар деймін.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.