Тіл дамуы үшін талқы керек

Халық ауыз әдебиетінен сусындап өскен аға ұрпақтан үлгі алған орта буын кітап оқуды серік етті. Осы үлгілі үрдіс кейінгі жылдары жалғаспай, жастар рухани байлықтан қол үзгендей. Жаппай компьютерлендіруге көшкендіктен мектеп оқушыларының жазу үлгісінде орашолақ қолтаңба пайда болды. Олар интернеттен дайын мәліметті жұлып алып, көшірме мазмұн жасауға үйренді. Осыдан соң оқушылардың сөйлеу тілінде жүйелілік жетіспей, тілдік қоры жұтаң, салыстыра отырып, ой түйіндеуге шорқақ болып алды. Жазбаша жұмыстағы кемшін тұстары тағы қосарланып, өскелең ұрпақтың тіл мәдениеті ауқымының тарлығы жасырып болмас проблемаға айналды.
Ол аздай кейінгі жылдары енгізілген тест жүйесі де оқушының сөйлеу қабілетін тежейді. Білім сапасын тіл емес, түйме шешетін заман туды. Білім беретін мектептер ғана емес, орта арнаулы және жоғары оқу орындары ауқымында да оқушы, студенттің сөйлеу тілі, жазу машығын есепке алатын сынақ жүйесі енгізілсе дұрыс болар еді. Мектеп бағдарламасына әдеп, шешендік сөздер курсы сынды тәрбие мақсатын көздейтін сынып сағаттары қосылғаны жөн. Ал сыныптан тыс үйірмелер көп нәрсені қамти алмайды. Ұлттық рухты қалыптастыратын шешендік кешен іспетті дәстүрлі оқулар жүйесі қажеттілігі бүгінгі күн сұранысы деуге болады. Аңғарып отырғаныңыздай, балаға араласатын, пікір алмасатын, сөз таластырып, ойын ортаға тастай алатын жағдай жасамай, оның сөйлеу мәдениетін дамытып, ой-өрісін кеңейту мүмкін емес.
Сабақтан, дәрістен тыс шараларда жас қауымды қазақ тарихына бойлатып, сөз құдіретіне баулып, ақпарат айдынына шолу жасатып тұрған абзал. Білім саласындағы мемлекеттік тілге қатысты бұйымтай аса маңызды міндеттің жүгін ешқашан жеңілдеткен емес.
Мәдениет саласы мемлекеттік тілді насихаттаушы жетекші буындар ішіндегі халыққа аса жақын құрылым. Репертуар толымдылығы, сахнадағы сөзге ұсталық, жергілікті театрлардың классика мен қазіргі дәуір қойылымдары арқылы көрермен қауымның жүрек төріне тіл арқылы жетіп жүрген жоқ па? Бұған да көпшілікті тарту, театр жаңалықтарымен таныстырып отыру жұмысын жандандыру керек.
Кітапханалар жұмысын тиімді ұйымдастыру және пайдалану жағына да мән беру керек. Кітап қорының оқылу айналымы төмен екендігі жұртшылықтың кітап оқуға қызығушылығының бәсеңдеп кеткенімен байланысты. Көркем әдебиетті насихаттау ақпараттық аядан аспайды. Танымдық талқылау, жазушы мен ақын­ның шығармашылық кілтін табу, образдар­ға үңілу, көркем дүниенің көтерген жүгін оқырман аудиториясына жеткізу деңгейі олқы соғады. Ертеңгілік, диспут ауқымы жетілдіруді қажет етеді. Конференциялар да қара дүрсіндеу өтеді. Мүмкін оқырман форумын немесе фестивалін дәстүрге енгізу керек шығар деген ой келеді.
Тағы бір мәселе ұжымда саладағы түрлі ауқымды шараларда шынайы талқы жоққа айналды. Лауазым иелері, түрлі дәрежедегі басшылардың жаттанды, шұбалаңқы, дәйегі кем, татымы аз сөздері көпшілікті тың талпыныстарға жігерлендіру орнына шаршатып, салын суға кетіреді. Әдетте, еркін талқы кезінде батыл пікір тыңға түрен салғандай оптимистік ахуал туғызады. Сондықтан қызметкерлердің шешіліп сөйлеуіне, жаңа бастамаларының дүниеге келуіне алдымен тіл керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, талқы керек. Талқы бар жерде тіл тынысы да ашылы түспек.

Жаңабай КЕМАЛ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
Қызылорда

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. Adayo populus

    дұрыс айтады
    мындай талқылау
    мысалға
    аға сержант
    кіші лейтенант
    тәте майор
    әке генерал деген бола ма?
    ал неге аға іні туыстық қазақша сөздер толып тұр?
    неге соны жай ғана мысалы фунни сержант не рунни сердант не сунни сержант немесе
    кіші сержанты холки сержант солай солай мысалға айттым жаңа сөз қылып дұрыс бас айналдырмай айтпасқа
    сол сияқты оформить-заполнить — толтыру немесе толықтыру дұрыс па?тол бұл полниться сияқты басқа яғни сұйықтық жайлы етістік
    ал неге ағылшындар дұрыс инишиал десе сол сияқты инисит немесе дисит немесе дипитте солай дұрыс бөлек таза сол мағынада пайдаланытындай айтпасқа халық деген өзі түзеп алады ғой кейін
    мысалы кейін дейін шейін бар да?
    ал рейін пейін фейін лейін гейін сияқты үстеу пайдаланбасқа өйткені сөз жоқ қой кейде тіпті мысалы -про — пре — об сияқты предлогтардың синонимі жоқ қой қазақшада

  2. Adayo populus

    мысалы ағылшындарда -ин
    орысша -в бар
    ал қазақшада неге -ун
    немесе -ін -ен десек
    өйткені мысалға ол қысқаша айтқанда өте керек
    мысалы
    армия бұйрық -солдат, ішіне кір танкінің! деген ыңғайсыз айтылған сөз ғой және қиын сосын ұзын
    ал, мысалы ун такні кір! десе бұйырып тез әрі ыңғайлы сосын қатты ашық айтылады, яғни шаштары ағармайды командирлердің бүткіл приказ бері үшін қазақ грамматикасын есіне түсіріп жатпайды

  3. Adayo populus

    негізі ішіне яғни қазір қолданып жүрген үстеу ол деген внутрь деген орысшадан туындаған толық сөз аударма, яғни бұрын ондай болмаған, яғни оны таза термин ждеу келмейді сосын предлог та емес, сосын -іш деген живот яғни живот пен в ның қандай қиын жағдайға апарғанын қазір біледі, меніңше ол асығыстық пен надандықтан туған уақытша жұмысшы рабочий сөздер
    немесе тек әдебиетте қолданатын
    сол сияқты көп предлогтар ұзын сөз болып соның кесірінен 1-2 сөзді толық сөйлем қылып айтып жүрген жағдай да кездеседі

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.