• Әдебиет
  • 31 Қаңтар, 2013

Ақан сері

Жастық шақ Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам басып жүрдің жерде. Бес өтіп, сонда шықтың алты жасқа, Лайық баққа біткен қиғаш қасқа. Жетіде талпындыңыз жүйрік аттай, Сегізде үкілі шоқты тақтың басқа. Тоғызда толықсыдың туған айдай, Ләззатты сөзің тәтті шекер-балдай. Оныңда сан құрбыңнан озып шығып, Он бірде жайтаңдайсың тұрымтайдай. Он екіде екпіндедің жүйрік аттай, Он үште ешнәрсеге жүрдің батпай. Он төртте алтын тудай айқындалып, Әлемге мәшһүр болдың жазған хаттай. Он бес пен он алтыға бастың аяқ, Он жеті о да тұр ғой жақын таяп. Уа, шіркін, қыздың күні он сегіз ғой, Жанымды қияр едім аямай-ақ. Он тоғыз, жиырмаға бастың қадам, Күн шалар көкорай басын күзге таман. Жиырма бір, жиырма екі қалса кейін, Ілгері сол жасыңнан ұшпас бағаң. Келетін мұнан соңғы жиырма үш, Жиырма төрт қалса кейін ол бір тыныс. Немене айтып-айтпай фәни жалған, Артында қала берсе жиырма бес. Құтқармай жиырма алты о да келер, Кемуге күн-күн сайын пенде күтер. Құрысын жиырма жеті, жиырма сегіз, Жүйрік ат одан асса табады өнер. Жиырма тоғыз, отыз о да жаман, Келмейді қайта айналып өткен заман. Қызықты жас күндерді айтып өттім, Аяғы осыменен болсын тәмам. Кәрілік Дүниенің мысалы, Бұтаққа қонған сауысқан. Ұшып жүріп шықылықтап, Өлексе жеп тауысқан. Келеріңде сұлусың, Ғашықтай боп қосылған. Кетеріңде қызыл түлкісің Шошыған қатты дауыстан. Бір қалыпта тұрсаң не етеді? Кетесің шығып уыстан. Ақырында кісіні Шал етесің құрысқан.

2626 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6275

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5743

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3483

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2865

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2827

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2806

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2536

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2521

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы