• Әдебиет
  • 21 Ақпан, 2013

Күтемін мен алдымнан нұрлы сәтті

Өмір жүйрік... Өзім күліп, өмір жайнап тұрғанмен, Әрбір күннен күтем істі үлкен мен! Жүрегімде бір сұрақ тұр салмақты, Сол сұраққа жауап іздеп жүрмін мен! Досым да көп, жолдас та көп жанымда, Ал мен жалғыз, сұрақтардың жанында. Ұғар жан жоқ, жан дүнием жылайды, Қоршап сұрақ жан алқымнан алуда. Бітпей жатқан қаншама іс тұр күтіп, Бітірем бе, күш жетер ме, сол күдік? Әрбір күннен күтем істі салмақты, Жүйрік күндер зымырауда бір күндік. Дос пен дұшпан Досымнан дұшпан артық білем кейде, Мінімді айтар тізіп, жайып елге! Дұшпаным болмаса егер менде ­осындай, Кетермін пісіп-кеуіп, қағып кеуде. Сын айтар дұшпаным көп білем менде, Шашымдай қарап жүрем, санап күнде. Өңіме шашым қандай көрік берсе, Дұшпаным көмектесер, сүрінбеуге. Ұрпағымын Ер Есет Жалаңаш қолы шоқпардай, Дуалы сөзі шоқтардай. Ұрпағымын ер Есет, Айтылған сөзім оқтардай. Қара сөзім қанжардай, Таусылмас қалың ормандай. Тілім үшін шетте мен, Қытайдағы қорғандай. Майыспас белі нарлардай, Ерімес мұзы таулардай. Тілімді шетте қорғармын, Кеудемде шыбын жан барда-ай. Жүрсем де елде еленбей, Болсам да нәзік гүлдердей. Ұрпаққа елден шет жүрген, Үйретем тілді ерінбей. Екі аяғы Батысты, Тіреген Есет бабамдай, Қазақтың тілін қалдырам, Ордасында орыстың, Алынбас биік қамалдай. Сүрінбесін Тілім менің Тілім де, тілегім де болсын мықты, Күтемін мен алдымнан нұрлы сәтті. Тілім мәңгі қалса деп тілеп жүрмін, Мына өмірде қамшыдай қысқа сапты! Тіліммен мен халық, ел саналармын, Өсиетін үлгі еттім даналардың. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ, Осыны айтқан екен бабаларым. Тілім жетпес, қалмасын түкпірлерім, Тілім өткір қылыштай, текті тегім. Сүрінсе де аяғым, тілегім сол, Сүрінбесін ешқашан тілім менің. Әйел деген бір әлем Әйел деген бiр әлем, Келiс мейлi, келiспе. Әр отаудың Күнi ол, Орбитасы ерекше. Әр ошақтың жылуы, Бақыты мен бағыты. Әр жiгiттiң жартысы, Таңдап алған сұлуы. Әйел деген бiр әлем, Ай да, Күн де бiр өзi. Түнi де оның жап-жарық, Өміріңнің өзегі. Жарқын Өтешова Мәскеу

4174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6847

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6034

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3773

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3161

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3119

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3095

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2823

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2809

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы