• Әдебиет
  • 14 Наурыз, 2013

Тіршіліктің түрлері. Базар жырау

Жоғарыдан төменге Жүйесін тауып су ағар. Жазғытұрым болғанда, Жердің бетін бу алар. Күн жадырап, көк шығып, Жан-жануар қуанар. Жапырақтары жайқалып, Ырғалып желмен шайқалып, Түрленіп гүлдер қызарар. Бұлбұлдар сайрап бағында, Байғыздар тасқа ұялар. Батырлар жауға шапқанда, Қолына байрақ, ту алар. Найзасын қарға асынып, Алмасын қанға суарар. Палуан топта тұрғанда, Балтырын түріп, болысып, Ақ білегін сыбанар. Алысқан жерден аударып, Әлі келген жыға алар. Қияға тартсаң, қайыспас, Дулығалы құба нар. Наз бедеу аттың тұяғы Тасқа тиіп тұралар. Екі талай жер болса, Ердің басы сыналар. Жесірдің қамын ойласаң, Жетімнің көңілі жұбанар. Екі мұңды бас қосса, Тарқатып шерін шығарар. Жабырқап досың қайғыңа, Дұшпаның сырттан сығалар. Өнбейтін даудың ізінен Өспейтін жігіт қуалар. Айбаты кетсе ауылдың, Әдепсіз жұртта ажуаның Жиналып басы құралар. Амалын жұрттан асырған, Ұрлығын ептеп жасырған, «Екі өсті – бір қой» деп, Есебін тапқан сұм алар. Жан кеудеден кеткен соң, Жайнаған көзің жұмулы, Ақша бетің қуарар, Тірліктегі істерің, Қараңғы көрге кірген соң, Бастан-аяқ сұралар.

3197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5894

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5534

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3272

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2656

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2617

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2594

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2328

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2311

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы