• Әдебиет
  • 07 Мамыр, 2013

Жеңіс жырлары

Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған 1941-1945 жылдардағы неміс-фашист басқыншыларымен болған қанды шайқасқа қазақ ақындары да қатысып, жауға қарсы қаламын да, қаруын да жұмсады. Олардың Отанды, туған елді, ерлікті арқау еткен жырлары ешқашан да өшпек емес. Бір сәт сол майдан жырларына көңіл бөліп көрелік... Қасым АМАНЖОЛОВ ДАРИҒА, СОЛ ҚЫЗ Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көріп ем ғой бір армандай қызды... Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Сапырды дауыл, тебіренді теңіз, Тулады толқын, шайқалды шың-құз... Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?! II Оқ тиді келіп, қайратым кеміп, Барамын сөніп, Келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз жаныма келіп. Талпына берді қайран жас көңілім! Барамын сөніп, Барамын сөніп. Жұтар ма мені мына сұм соғыс! Арманым бар ма, өлсем бір көріп, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?! III «Келмейді өлгім, Келмейді өлгім. Қайратым қайда, келші осындайда». Дедім де тұрдым, жүгіре бердім, Қолымда найза, шағылып айға Жеңдік қой жауды, арман, не, құрбым, Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс. Таба алмай жүрмін, Айқайлап ән caп, Қайда екен, қайда дариға, сол қыз?! Абдолла ЖҰМАҒАЛИЕВ *** Алыс жолға аттанды ақын, Өмір, өлім майданына. Тапсырды да аманатын Қарақат көз жан-жарына. Жыры ғой ол – жүрек-ары, Жырға қайтып оралар ма?! «Қош» деді де қалды жары, Жасын төгіп орамалға. Елжіреді ақын-дағы, Түрі бардай жас алатын. Аттанды ол тез асыл жардың Ар-қанат қып махаббатын... *** Талай тайғақ жерінде өткелектің, Бірде күліп, бір жылап жасым төктім. Бүгін, міне, арымды қалқан етіп, Халқым үшін майданға сапар шектім. Мүмкін кері қайтпаспын, жоғалармын, Көзім жұмып, құм көрпе оранармын. Өлмен бірақ, бір кезде сыршыл ұлан Болар менің мұрама оралар күн. *** Болғандықтан атақты атым адам, Міндетім көп мойныма арқалаған. Ту ғып ұстап көтеріп жүрегімді, Сапар алыс, жол жүріп кетіп барам! Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ ОТАН Сенсің, Отан, қан майданда Сыйынарым, ұраным. Күні-түні, әр қайда да Сені көріп тұрамын. Түн түндігін түріп ашып, Түнекті сен серпесің. Алтын таңның нұрын шашып, Көңіл күйін шертесің. Қиял құсы асып шыңнан Шырқап қанат қағады. Сенен аспай, асса да одан Бір өзіңді бағады. Бір өзіңде, кең кеудеңде Соққандай өз жүрегі. Өрендерің сен дегенде Өлімге де жүреді. Сенің досың – менің досым, Саған қастар – маған қас. Үйде болсын, түзде болсын, Мен өзіңмен тағдырлас. Сен қуансаң, мен қуанам, Бірге өткізем күзіңді. Өз жүзіңнен, ұлы анам, Көремін өз жүзімді. Көрген сайын білемін мен, Қадірің де артады. Махаббатты жүрегімнің Таразысын тартады. Тіршілік жоқ сенсіз маған,– Тынысымсың, жанымсың. Басқа кімге сенсін балаң, Басқа кімге жалынсын?! Шабарда да жаудың шебін, Түспейсің сен ауыздан. Қандырасың жанның шөлін, Кек әперіп жауыздан. Сенсің, Отан, майдандарда Сыйынарым, ұраным. Күні-түні әр қайда да Сені көріп тұрамын. Жұмағали САИН ТҮН ҚАТАДЫ ПАРТИЗАН Қаңтар күйі қарт боран Жынданады айғай caп. Аш арыстан сымбатты Азу тісі сақылдап. Абыржымай ақырын Теңселеді қара орман. Мұздан темір құрсанып Түн қатады партизан. Түн қатады партизан, Қар құшады, мұз жайлап. Қалтырамас біреуі Кәр қылсаң да ойбайлап. Қатал, қайсар жүрегі Қайтпас боран кәрінен. Қымбат елдің намысы Партизанға бәрінен. Жүрегінде тулаған Намысы бар, ары бар. Жауда қалған елі бар Қайғысы бар, зары бар. Қан жас аққан көзінен Ыза менен мұң батып. Қатын, бала кегі үшін Жүрген жандар түн қатып. Ауыр қолы бұлардың Қарулары алмастан. Қалтырайды фашистер Маңайына бармастан. Қатал, қатал партизан! Қаңтардан да алды тар. Қатал бол деп үйреткен Туған бала, сүйген жар. Бұрқылда боран жындана! Кең даланы қар бассын. Кегін алсын партизан Фашистерді қан бассын! Қара орманды шайқалтып, Кәрі еменнің басын и! Қан жорықтан оралып, Партизандар тартсын сый. Әбу СӘРСЕНБАЕВ СЕН, ҚҰРМЕТТЕ ОНЫ! Сен, құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде ол жауға қарсы шапты. Бізді жалмамақ болған ажалды ер кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты, өлім соққысын өз үстіне алды. Денесін оқ пәршелесе де ел намысын қорғап қалды. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Сенің келешегің үшін берді ол азаттың жолында аяғын! Хамит ЕРҒАЛИЕВ ЕСКЕ ТҮССЕ... Ауыр ойдың ағытқанда тиегін, Толқымастай өз еркіне ие кім?.. Қанды майдан еске түссе, Қақсайды Денемдегі жарақатты сүйегім. Күйеді ол, Біреу отқа жаққандай... Тұра алмаймын өткен жайды жатқа алмай: Күйеді ол, елдің орман, егіні, Қалалары әлі өртеніп жатқандай... Күйеді ол, Біреу отқа жаққандай... Тұра алмаймын өткен жайды жатқа алмай: Күйеді ол, ақын досым Абдолла Сонау үйде әлі өртеніп жатқандай. Жас ана боп шыңғырады сүйегім, Келеді оның барып басын сүйегім: Ұл тапқан ол снарядтан өлерде, Бұл дүниеге бір-ақ қағып иегін. «Мен де саған соғыс берген «сый» едім, Қарап жатпай қақсаған-ды сүйемін. Бейбіт күннің ақынысың беймаза, «Тебірен!» дейді жарақатты сүйегім. Сергі, жаным, бейнетіңнен қорғанба, Нені ұтар ең ұйықтап ұйқың қанғанда?.. ...Қиялымды жүгіртетін қияға Тағы да бір таң бозарып қалған ба?! Сағынғали СЕЙІТОВ ҚАС ҚАҒЫМДА Сұрапыл соғыстың Астан-кестен аспанында Самолет өртенеді Қасқағымда. Ұшқыш тірі қалады, Өлмейді, Жасайды Мәңгілік дастанында. Мерген, Төзімін тауысып, Орнынан ауысып, Он сағат бойы Атыс минутын күткен Тосқауылда, Нысананы Мұрттай ұшырды Қасқағымда. Солдат, Ерлік оты Ойнаған Жас қанында, Дұшпанның өлім сепкен Дзотын жабады Кеудесімен, Қасқағымда. Ал өзі Қасқайып тұрады Әлем тегіс көретін Қаһармандық Асқарында. Маршал, Мігірсіз үңілген Шайқастар картасына – Күрестің қия-құз жартасына, Шабуыл жебесін Тірейді бір нүктеге Қасқағымда. Ол басқарған әскерлер құрметіне Андыздап, андағайлап Атылады салют Астана аспанында. Қуаныш хабары Жер шарын орайды Қасқағымда. Ол тұрады Әрдайым пролог боп, Жеңіс дейтін Ұлы эпопеяның Бас жағында. Тоқаш БЕРДИЯРОВ ОҚ ПЕН ГҮЛ Көктем, көктем! Құйылды жерге балқып нұр. Жыртылған жер иісі Піскен нан аңқып тұр. Осынау алапқа Сәуір жаңбыры жұпар бүркеді. Күннің ұзын құрығынан Тайлақ – қар үркеді. Сай-сала, жылғадан Су емес күй ақты. Алма ағаш гүлдері Шампан көбігі сияқты, Соқа-сайман керек-ақ, Колхозшы басады көрігін... Әлемде ұста көп. Соғыс өлсе де, Әлі де құсады оқ. Заводта станок, Ствол ішіне Шомпалдар бойлайды. Майлаулы тұрған мылтықтар Атылмай қоймайды. Етікке шеге қып Қағуға болмайды, – Штыкты жасайды екен несіне? Танкінің ауыр табаны, Мылтықтың салқын дүмдері Батады жердің биязы төсіне. Соқа соғатын Ауылда ұста көп. Балаларға конфет бер, Зырылда, станок!.. Жасасын Тіршілік, Жасасын ашық күн! Тірі, бейбіт жылдарға Мен өзім ғашықпын. Ылайым тозса екен Әскери етіктер қалыпта... Ауыр оқ салған жәшіктің астынан Гүлдер ұмтылды жарыққа!..

8724 рет

көрсетілді

53

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7192

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6192

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3933

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3324

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3282

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3251

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2979

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2967

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы