• Тарих
  • 20 Маусым, 2019

КӨНЕ ҚОЛЖАЗБАЛАР – БАҒАЛЫ ҚАЗЫНА

Алматыдағы «Ғылым ордасында» «Түркі тілдеріндегі тарихи қолжазбаларды зерттеу халықаралық симпозиумы (Қолжазбаларды жариялау, каталогын жасау және цифрлау)» атты түркі тілдеріндегі тарихи қолжазбаларды зерттеудің өзектілігі және оның ғалымдар назарынан тыс қалған мол мұрасын жарыққа шығару жөніндегі халықаралық жиын өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жазба жәдігерлер және рухани мұра ғылыми-зерттеу орталығы, сондай-ақ Кыршехир Ахи Евран университеті Түрік тілі бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен маңызды жиынның ашылу салтанатына Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Риза Қаған Иылмаз, Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілеттік кеңес төрағасы Мұса ­Йылдыз, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры ­Вакур Сүмер, сондай-ақ АҚШ, Германия, Түркия, ­Ресей, Иран, Грузия және Орталық Азия елдерінен келген түрколог мамандар қатысты. Симпозиум жұмысы Орталық ғылыми кітапханада ұйымдастырылған «Қазақстандағы түркі тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар» атты кітаптар мен қолжазбалар көрмесімен басталды. Шетелдік түркітанушы ғалымдар кітапхананың мұрағат қорында сақталған сирек кездесетін кітаптар мен қолжазба жәдігерлердің көрмесіне шынайы қызығушылық танытты. Олар қазақ елінде мұншалықты құнды қолжазба қорының бар екенінен бейхабар екен. Өйткені кейбір ғалымдар «қазақ жеріндегі тарихи құнды жәдігерлердің көпшілігі қызыл империя тұсында жойылып кеткен» деген пікірде болған. Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Риза Қаған Иылмаз ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде халықаралық ғылыми, рухани жиындардың көптеп өтуі ортақ тарихымызды терең білуге және өзара жақын ынтымақтастықта болуымызға үлкен септігін тигізетінін жеткізді. ХҚТУ Өкілеттік кеңес төрағасы Мұса Йылдыз Түркітілдес халықтардың Атажұрты – Қазақстанда өткізілген мұндай халықаралық іс-шараны жылда дәстүрлі түрде өткізіп, ғылыми бағыттағы бірлігімізді нығайта беруге ниетті екенін білдірді. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор ­Вакур Сүмер симпозиумның негізгі мақсаты Түркі әлемінің ақсақалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларындағы идеяны қолдау және жандандыру арқылы түркі бірлігін нығайту екенін білдірді. Екі күнге созылған симпозиумның секциялық отырысында белгілі ғалым, Гази университетінің профессоры, доктор Ахмет Бижан Ержиласун «Арабша жазылған түрікше тарихи мәтіндерді қалай оқуға болады?», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, доктор Қаржаубай Сартқожаұлы «Ескі Доноин-Шире мәтінінің жаңа оқылымдары және түсіндірмесі», осы университеттің профессоры Тұрсын Жұртбай «Құрбанғали Халиди: «Тауарих-и хамса-и шарқи» еңбегінің қолжазбасы» және Назарбаев университетінің профессоры, доктор Юлай ­Шамилоглы «Ресей империясындағы татарлардың жазбаша мұрасы: мәтінді жариялау, каталогтандыру және цифрлау мәселелері туралы кейбір ойлар» атты баяндамалар жасап, жиналған ғалымдар мен жастарға құнды мәліметтер ұсынды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек жаһандану заманында түркі халықтары үшін бірігу мен ортақ әрекет етудің бастауы рухани бірлікте екенін айта келіп, бұл тұрғыда тілші ғалымдарға артылар жүктің ауыр екенін жеткізді.

Дина ИМАМБАЕВА

881 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7170

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6182

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3923

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3314

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3271

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3241

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2969

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2956

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы