«Ана тілі» серігіңіз болсын!

– Заман да, адам да өзгерген қазіргі жағдайда бас­пасөзге көзқарасыңыз қандай?
– Мен дініме берік адаммын. Баспасөзді ешнәрсеге айырбастамаймын.
– Электронды газет нұсқаларына ше?
– Ол өмірдің қажеттілігінен туған нәрсе. Жаңа­лықты жат көрмеуіміз керек. Өз басым газет-журналдар оқығанды жақсы көремін.
– Қандай газеттерді оқисыз?
– Қазақ басылымының бәрін де оқимын. Бірінде жоқты екіншісінен табуға болады.
– Әйтсе де, үзбей оқитын көңіліңізге жақыны қайсы?
– «Ана тілінің» тұрақты оқырманымын.
– Несімен ұнайды?
– Елдік мәселелерді терең толғап, індете қозғайды. Қа­зақ тілінің, қазақ қоғамының айнасы. Тіл ғана емес, сонау 90-жылдардан бері халқымыздың тағ­дыр талайын тап басып, тасқа бастырып келе жатқан та­рихи жыл­нама іспетті. Біз, ардагерлер мұны жақсы білеміз.
Бұл басылымның ұстанған жолынан еш айнымаған принцип­ті­лігіне тәнтімін. Қазақтың рухани жан дүниесін, бай мұрасын жиып-теріп, қайта ұсынып отыратын айдарлы басылымға алғысымыз шексіз.
– Газет оқырмандарына бірауыз лебіз білдірсеңіз…
– «Ана тілі» – үлкен мектеп. Тарих та, тіл де, дін де, рухани байлығымыз да газет бетінде тұнып тұр. Сон­дықтан төріңізде «Ана тілі» тұрса, үстеліңізде «Ана тілі» жатса, «Ана тілін» серік етсеңіз, жан дүниеңіз жү­демейді. Жазылыңыз, рухани ойдың тұнығына қанығасыз.

Өмірзақ Озғанбаев,
Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.