Тағылымды кездесу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Білім күніне орай өткен жиынға ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты. Жиынды факультет деканы, филология ғылымының кандидаты  Сағатбек Медеубек ашып, студенттерді мерекемен құттықтады. 

Мерекелік жиында филология ғылымының докторы, профессор Кәкен Қамзин сөз алып, білім ел ертеңін, ұлт болашағын бағдарлаушы басты тағылым екенін айтты. Сонымен бірге жиын барысында «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – ­Редакторлар Кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Аруна» баспасының бас редакторы Қарлығаш Төреқұлқызы журналистиканың қыр-сыры жайлы өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер сауалдарын қойып, орнықты жауап алды.
Биылғы оқу жылында Журналистика факультетінің 1-курсына 110 студент қабылданды.

А.ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.