Жаңалық деп осыны айт
«Thinkmodo» компаниясының мамандары «Verizon» ұялы байланыс операторының тапсырысы бойынша ерекше көлік құрастырып шығарды.
Трансформер-көлік үш метр биіктікке дейін көтеріле алады екен. Яғни оған көлік кептелісі кедергі бола алмайды. «Jeep Cherokee» көлігі стандартты үлгілерге қарағанда екі есе ауыр. Әзірге мұндай көліктер тек жарнама мақсатында шығарылып отыр.