Көзімнің көруі жақсарды

Елбасы тапсырмаларына сәйкес елімізде соңғы жылдары бірқатар емдеу орындары бой көтерді. Солардың бірі – Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы. 2016 жылдың тамыз айында ашылған емдеу орнында бүгінде ондаған бөлім жұмыс жасайды. 

Мен кө­зімнің көруі нашарлап, ем-дом алу мақсатында Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына барған едім. Аталған мекемедегі Офтальмология бөлімінің басшысы Қайрат Имашевқа жолыққан болатынмын. Мұнда қызмет істейтін дәрігерлер көз жанарымды тексерген соң, операция жасау керектігін айтты. Аллаға шүкір, операция сәтті өтіп, көзімнің көруі жақсарып, жан дүнием жайланып сала берді. Осы ауруханада қызмет жасайтын ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым шексіз.
Қайрат Тілектесұлы басшылық етіп отырған аурухана бөлімі аз ғана уақыттың ішінде көптеген емделушілердің көз ауруына шипа болар құтты мекенге айналып үлгерді. Түрлі жаңалықтардың енгізілуі мен бағдарламалардың ар­қасында қалалық көп­салалы аурухананың жеткен жетістігі де көңіл қуантарлық. Сапалы қызмет пен медбике­лер­дің аялы алақаны, дәрігер­лердің кәсіби ­ше­берлігі мен науқастар бөлмесінің жайлылығы емделушілерді сырқа­тынан айықтырып, ұлт денсаулығын сақтауда өз белсенділігін танытып отырған жайы бар. Сөз соңында Қайрат басқарған ұжымға ақ тілегімді мына жолдармен жеткізгім келеді:
Дәрігер ізгі ниетті,
Білімді, ойлы, жүректі.
Саулығы үшін халқының,
Тәңір берген тілекті.
Қайрат бастаған бұл ұжым,
Дертке дауа ем етті.
Тоты менен Бибігүл,
Наргиз бенен Таня да,
Аянбай елге тер төкті.
Халқы сүйген бұл жандар,
Жақсылық жолда жолықсын.
Мейірім тұнған жан дүние,
Шапағат нұрмен толықсын.

Бибіғайша КӨПЕСБАЕВА,
соғыс және еңбек ардагері

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.