«Фатимадай жар қаласаң, өзің Әлидей бол»

Мемлекеттік тіл проблемасы қазір күн тәртібіне қатаң қойылып, жан-жақты талқылануда, оның тағдырына алаңдаушылық ашық айтылып жатыр, заң қабылданып, мемлекет тарапынан біршама істер қолға алынды.
Біз мемлекеттік тілді меңгермеген өзге ұлт өкілдерін айыптауды қойып, өз қандастарымыздың, жастарымыздың нигилистік психологиясына қарсы күресуіміз қажет. Тіл мәселесінің күрделі теориялық түйіндерін айналшықтай бермей, проблеманы қарапайымнан күрделіге қарай талдасақ: бүгінде жасамыс екі қазақтың бір-бірімен орыс тілінде шүлдірлеп отыратыны – үйреншікті көрініс. Ал жастарымыз ана тілін білмейтініне еш қымсынып, намыстанбайды. Мені бір сұрақ қинайды: арғы уақытты айтпай-ақ қоялық, Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде бүгінгі жоғары білімді жастарымыз не мектепте, не институт-университетте ана тілін білу, құрметтеу мәдениеттіліктің, зиялылықтың басты шарты екенін білмей ме? Бұған кімді кінәларыңды біле алмайсың.

«Ақылды әйел еркекпен бедел салыстырмайды, еркелеп отырып, ығына жығады».
***
«Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді».
***
«Үйдің иесі жоқта ішілген ас есептелмейді».
***
«Әйел үшін күйеуге тию – көп мақсаттың ішіндегі күре мақсат. Оны мойындамау, мойындағанды намыс санау – әйел бойындағы жалғандық. Табиғат алдындағы міндеттерден қорынбау керек. Қолыңнан келсе, мақтан тұт».
***
«Еркек, ең бірінші, әйелден ізет күтеді».
***
«Қызға қырық үйден тыю, тіпті, қала берді, қара күңнен тыю».
***
«Ердің бақыты – әйел».
***
«Әйелі жақсы болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де, ерге бақыт әперетін де – әйел».
Данагүлдің атасына айтқаны (Төле бидің келіні):
«…Алдын кесіп, жолын шаңдатпайық, араларында қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер бар шығар, елдің қамын жеген, жердің шөбін қорғаған ерлер ғой, тойға жорға мінгеніміз, үстімізге торқа кигеніміз – осы кісілердің арқасы…»
***
«Ғұмыр – біреу, кезек – екеу».
***
«Ақылды әйел айтқызбай ұғады, тұспалдай таниды».
***
«Әйелдің ақылы ізеттілігінен белгілі».
***
«Үйіне ғана керек, үйінен артылып өзгеге игілігі тимейтін еркек болады. Үйінен гөрі еліне керек, үйден түзде жұмысы көп еркек болады».
***
«Жақсы еркек тек әйеліне – бай, бала-шағасына әке емес, ел-жұртына – азамат, үйінің қамын қалай жесе, елінің қамын солай жейді. Ондай еркекті үйкүшік етіп ұстаймын деген әйел – ақымақ».
***
«Қызғаныш деген қызыл иттен аулақ бол. Еркегін қызғанған әйел абырой алмайды, тек ерінің бағын байлайды.
Ердің жақсысы елімен ойласады, әйелдің жақсысы ерімен ойласады».
***
«Сұлулық та – суық қару!»
***
«Сыйластық – махаббаттың негізі».
***
«Жалғызда мейірім жоқ».
***
«Ырыс алды – қыз».
***
«Бір сом беріп жылатып, он сом беріп жұбата алмайсың (бетпақ әйел туралы)».
***
«Ерін сыйлаған есікте қалмайды».
***
«Қатын алсаң – отын ал, бір құшағын артық ал».
***
«Үйдің ішкі жарасымдылығы әйелге байланысты».
***
«Әйелді еркек тек әйел болғаны, ұрпақ туғаны үшін ғана емес, жар бола білген жақсылығы, үйде жұмақ орнатқан ақылы үшін де ардақтайды».
***
«Махаббатпен орнаған отбасыны құлатпай сақтау – ең алдымен, әйелдің міндеті».
***
«Жігіт жақсы болса – бір бақыт,
Әйелі жақсы болса – мың бақыт».
***
«Үй ұстаған әйел адалдығымен ғана ұстай алады».
***
«Әйел отбасының ұйытқысы болмаған жерде отбасы ұзақ өмір сүрмейді. Еркектен әйелдің бір артықшылығы осында».
***
«Есептесетін әйел – есемді қайтарамын деп жүріп, есесін кетіретіндер».
***
«Махаббат – ыстық сезім, сыйластық, ықылас, қимастық, сенім».
***
«Әйел өзгені есінен тандыра алуымен емес, өзінің адал екендігімен мақтануы керек».
***
«Әйелді биіктететін де, еркекті табындыратын да – адалдығы».
***
«Қызды көркем көрсететін – салмақты мінезі».
***
«Жақсыға жар болудың қияметі де зор».
***
«Сұлу әйелге үйленген еркек пен жақсы күйеуге тиген әйелдің, сірә, күні ұқсас».
***
«Махаббат – жан, тән, ақыл құмарлығы».
***
«Елдің ұлы болған еркекке әйелдің ғана иелік етуі – қиянат».
***
«Ердің ісі – түзде, табысы – үйде».
***
«Еркек – отағасы, әйел – отанасы, қазан иесі.
***
«Күйеуіңді сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның».
***
«Әйелдің нәзіктігі, әдептілігі мен ізеттілігі, тіпті әлсіздігі мен дәрменсіздігі – бәрі еркектен артықшылығы».
***
«Әйел, еркек әр істі дана қылар,
Іс болар ма жаманға шара қылар?
Қандай еркек ақылды болғанымен,
Бірақ әйел өмірін ада қылар!»
***
«Әйел күйеуінің көңілін қасында жатқандағы қылығынан, құшағынан, сөзінен, үнінен, алақанының аясынан, еміренісінен аңғарады».
***
«Күйеуіне сенімі жоқ әйел – сүйе алмаған әйел».
***
«Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең, махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Махаббат үшін де күнделікті күрес, қарапайым еңбек керек».
Әзірлеген
Айсұлу ТҰРСЫНБАЙҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.