• Әдебиет
  • 10 Қаңтар, 2013

Өзімізге де байланысты

Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мемлекеттік тілге ерекше назар аударылды. Елбасы 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін, өмірдің барлық саласында күнделікті қатынас тіліне айналу қажеттігін айтты. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесудің маңыздылығына тағы да мән берілді. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылағаны дұрыс. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Сондай-ақ мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады.Тіл – адамзаттың ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Сонымен қоса жаһан жүзіндегі әрбір ұлттың ағзасындағы қаны, тәніндегі тәтті жаны, денесіндегі жан жүрегі, тіршіліктің тірегі, сондай-ақ сан ғасырлық ғұрпының, сақтаған салтының, дәріптеген дәстүрінің, тағылымды тарихының түп-тамыры екені даусыз. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы, болмысты тануы, игеруі тілде сақталады. Жүректі нұрландырып тұратын тіл бала тіліне айналмай, ана тілі бола алмайды. Қоғамдық қатынастардың барлық саласында сөйлеу тілі, көркем әдебиет тілі, көсемсөз тілі, ғылым тілі, кеңсе ісқағаздар тілі ретінде қызмет етуіне әлеуеті толық жететін тілімізді халықтан, әлеуметтен, қоғамдық ортадан бөліп қарауға болмайды. Біз сонда ғана бір-бірімізді жақсы түсінетін боламыз. Жер жүзінде қолданылып жүрген алты мыңнан астам тілдердің арасында қазақ тілі ойып тұрып жетпі­сінші орынды алады. Әлем халық­та­рының бірде-бірінің сөздігінде ұшы­распайтын жүз сексен мың сөз бар. Француз ғалымдарының кейінгі жылдары жүргізген тәжірибелері нәтижесінде дүниеге келген нәрестенің ананың «тіліне», үн-әуезіне деген ерекше сезімі (фермент түрінде) ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптасып, байқалатыны анықталған. Ұлттық болмысымыз бен руха­ниятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып саналатын тіл – қоғамдық қатынастардың барлық саласымен, олардың өзгерістерімен тығыз байланыста дамитын құбылыс. Қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың бүкіл бітім-болмысы, қымбат асыл қазынасы болып табылатын мемлекеттік тілді сала-салаларда қолдану бағдарламалары көбейген кезде медицина саласында қазақша жазылған оқулықтар өте аз екендігі өкінішті. Құдайға шүкір, қазақ мектебі көбейіп, оларда оқитын балалар саны өсіп келеді. 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайы­зы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Алдымен өз қандастарымыз бұндай игілікті іске тартылғаны жөн. Сонда ғана қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын ортақ тілге айналады. Екпін МӘМБЕТОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор

2790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5859

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5512

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3249

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2633

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2594

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2572

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2306

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2289

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы