• Ақпарат
  • 02 Тамыз, 2012

Мемлекеттік қызметшіге талапты күшейту керек

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауында еліміздің рухани байлығын еселеп арттыру, әлемдік ғылым жетістіктерін әркімнің өз тілінде зерделеуіне мүмкіндік туғызу, тілдің қоғамдағы рөлін арттыру қажеттігі жөнінде атап көрсетілген. Мемлекеттік тілдің басқару органдарының жетекші салаларындағы рөлін күшейту басым бағыттардың біріне айналып отырған кезеңінде басты деген он игіліктің ішінде адам ресурсының сапасы биік болуы заңдылық екені анық. Бұл мәселе – «Қазақстан – 2030» стратегиясының бағдарламасы бойынша қоғамның қозғаушы күші болып саналатын мемлекеттік органдар қызметшілеріне төмендегі айқын міндеттер жүктеледі: – мемлекеттік тілді жетік меңгеру, мекемелердегі ісқағаздарының тілдік нормаға сай жазылуын қамтамасыз ету; – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосу, оны қызмет барысында іспен дәлелдеу; – тілдік ортаны қалыптастыру; – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Қазақстан тәуелсіз мемлекет орнатудың тәжірибесі арқылы әлемге тіл мен ділді, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың, ұлт мәдениетін танудың үлгісін көрсетті. «Адамға екі нәрсе тірек, бірі – тілі, бірі – ділі» деген данышпан Баласағұнның пікіріне сүйенсек, тілдің мерейін көтеруге зиялы қауым, соның ішінде мемлекеттік органдар қызметкерлері жауапты. Сондай-ақ ресми шаралардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізіліп, тілге деген қызығушылықты арттыруға қоғамның өзі мүдделі болуы шарт. Мемлекеттік мекемелерде жүргізі­летін жазу үлгілері, яғни ісқағаздар стиліндегі бірізділік жүйесіне аса зор мән беру арқылы ерекше қатынас жасау құралы – ресми құжаттарды бір арнаға түсіре аламыз. Өйткені бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізудің басты құралы. Әкімшілік терминдерді қолдану, мем­лекеттік құжаттарды мазмұн жағынан, жанр­­лық тұрғыдан реттеу, ойдың логикалық жүйелілігін сақтау, саяси-публицистика­­лық сипаттағы, күрделі терминдермен талапқа сай жұ­мыс жасай білу, міне, мемлекеттік қыз­метшіге қойылатын талаптар осындай. Ең бастысы мемлекеттік орындарда құжаттар дайындауда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау бас­шылыққа алынады. Әрбір мем­лекеттік қызметші Қазақстан Респуб­ли­касының толыққанды азаматы болғандықтан, тілді қолдану мен дамытудың құқықтық негіздерін басшылыққа алуға міндетті. Қазақстан мемлекетін айқындайтын негізгі фактор – қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік қызметшіге қойылатын міндеттердің бірі – көпшілік алдында, сөйлеу барысында, қызмет бабында қазақ тіліне басымдық беру. Өйткені Конституция тіліміздің дамуына қамқорлық жасауды талап етеді. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды құралы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы» делінген. Осыған орай мемлекет мүддесі үшін қызмет атқарушы әр қызметші мемлекет беделін нығайтумен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін арттыра түсу жолында қызмет етуге белсенділік танытуы керек. Демек, мемлекеттік қызметшіге ана тіліміздің мәртебесін көтеруге қойылатын талап күшейтілуі тиіс. Тілге деген құрметті ешбір заң жасап бере алмайды, ол әр саналы адамның тәрбиесінің жемісі. Г.ӘЛЖАНОВА, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің бас маманы

3202 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6596

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5910

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3653

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3037

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2998

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2974

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2703

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2688

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы